USD
USD
USD

Әлихан Смайылов жұмыс сапарымен Ақтөбе облысына барды

Жұмыс сапарымен Ақтөбе облысына барған ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов өңірдің кешенді әлеуметтік-экономикалық дамуы жөнінде кеңес өткізіп, өңір басшысына бірқатар тапсырмалар жүктеді.

Әлихан Смайылов жұмыс сапарымен Ақтөбе облысына барды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Кеңес барысында облыс әкімі Оңдасын Оразалин, индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев, экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев, ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев баяндама жасады.

ҚР Премьер-Министрі Ақтөбе облысының еліміздің маңызды өнеркәсіптік және аграрлық өңірлерінің бірі екенін атап өтті. Мұнда мұнай өңдеу, құрылыс және азық-түлік өнімдері өндірісі белсенді түрде дамып келеді.

2022 жылы республикалық бюджеттің нақтылануын ескере отырып, өңірді дамытуға 150 млрд теңгеден астам қаражат бағытталады. Бұл қаражат жолдарды жөндеуге және реконструкциялауға, газ тасымалдау жүйесін дамытуға, тұрғын үй құрылысына, ТКШ және коммуналдық шаруашылық саласындағы іс-шараларға, денсаулық сақтауды, агроөнеркәсіптік кешенді қолдауға, сондай-ақ жергілікті тұрғындарды өнімді жұмыспен қамтуға жұмсалады.

Премьер-Министр азық-түлік бағасының негізсіз өсуіне жол бермеу үшін азық-түлік тапшылығының алдын алу және сауда үстемесін бақылау бойынша жоспарға сай жұмыс жүргізу қажет екенін атап өтті.

Сонымен қатар, облыс әкімдігі еліміздің оңтүстік аймақтары мен көрші елдердің дихандарымен ерте пісетін көкөністерді жеткізуге тікелей келісімшарттарға отырып, сауда желілерімен жұмыс істеу кезінде «айналым схемасы» механизмін кеңінен қолдануы қажет. Жалпы, ауыл шаруашылығы өнімдерін жеткізу үшін жүйелі түрде форвардтық шарттар жасасуы керек.

«Өңірдің экономикасын әртараптандыру – ең өзекті мәселе. Ол үшін биыл өңірде жалпы құны 90 млрд астам теңге болатын 30 жобаны іске қосу жоспарланып отыр. Соның арқасында жаңа өндірістік қуат пайда болып, тұрақты жұмыс орындары құрылады. Аталған жұмысты жалғастыру керек», – деді Әлихан Смайылов.

Қазір оқып жатыр

Ресейдегі жанармай тапшылығы: тасымалдаушылар Қазақстан бағытын қарастырып жатыр

Жүк тасымалдаушылар

«VIP-клиенттерге есірткі әзірлеген»: Алматы облысында қылмыстық смеха әшкереленді

есірткі

Қазақстан екі халықаралық банктен 460 млрд теңгеден астам қарыз алады

ақша

Батыс Қазақстан инвестиция тартуда қандай артықшылықтарға ие?

БҚО, инвестиция