USD
USD
USD

Әлихан Смайылов Ұлытау облысының әкімі Берік Әбдіғалиұлына ескерту жасады

Үкімет отырысында Премьер-Министр Әлихан Смайылов Ұлытау облысының әкімі Берік Әбдіғалиұлына ескерту жасады.

Әлихан Смайылов Ұлытау облысының әкімі Берік Әбдіғалиұлына ескерту жасады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Облыста «Ауыл – ел бесігі» жобасына бөлінген қаражаттың біраз бөлігі игерілмей қалған. «Қаражаттың игерілмеуі жалпы ауа райы жағдайына және Қарағанды облысынан шарттар бойынша міндеттемелердің кеш берілуіне байланысты болды», – деп ақталды облыс әкімі.

«Ақша бөлінеді. Сіздердің жұмыстарыңыз – соларды тиімді пайдаланып, іске асыру. «Ақша уақытылы бөлінбеді» деген себепті біз қабылдамаймыз. Жұмысты уақытылы орындаңыздар», – деді Үкімет басшысы.

Оның айтуынша, ауылдарды дамытуға бағытталған шаралардың нақты нәтижесі көңіл көншітпейді.

«Өткен жылдары «Ауыл - ел бесігі» жобасы шеңберінде тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, көлік, білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет және спорт салалары бойынша жалпы құны 326 миллиард теңге болатын 3,6 мың жоба іске асырылды. Атырау, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Түркістан облыстарында бөлінген қаражатты игеру және жобаларды пайдалануға беру қарқыны жақсы. Ал, кейбір өңірлерде бұл жұмыс ақсап тұр. Мәселен, Ұлытау және Батыс Қазақстан облыстарында қаржыны игеру және жобаларды іске қосу деңгейі төмен. Аталған өңір әкімдері "Ауыл - ел бесігі" жобасын іске асыруға ерекше назар аударуы тиіс. Әсіресе, жобалардың уақытылы орындалуын қатаң бақылауға алу керек», - деді Әлихан Смайылов.

Қазір оқып жатыр

Мемлекеттің заңсыз әрекетінен келген зиянды өтеу құқығы Конституцияда бекітілді

Адам ұрлау

Құрылтай сайлауы: негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары жарияланды

үгіт-насихат

Алматыдағы көшелердің біріне Денис Теннің аты берілді

Денис Тен

Президент рақымшылық жасау туралы заңға қол қойды

амнистия