USD
USD
USD

Әлихан Смайылов «Ресей» халықаралық көрме-форумына қатысты

Мәскеудегі ТМД елдері Үкімет басшылары кеңесінің отырысы қарсаңында Қазақстан Премьер-министрі Әлихан Смайылов «Ресей» халықаралық көрме-форумына қатысты, деп хабарлайды Kazinform.

Әлихан Смайылов «Ресей» халықаралық көрме-форумына қатысты
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Свердлов облысының стенді аясында Солтүстік Қазақстан облысының еркін экономикалық аймағында жүк көтергіш жабдықтарды жасап шығару бойынша Қазақстан мен Ресейдің бірлескен жобасы ұсынылды. 

Қазіргі уақытта жобалау жұмыстары жүргізіліп, іргетасы қаланған, 2024 жылғы қарашада жабдықтардың сынама партиясын шығару, 2025 жылы пайдалануға беру жоспарланып отыр. 

Челябі облысының стенді аясында Қазақстанда бульдозер техникасы мен ауыл шаруашылығы тракторларының өндірісін локализациялау, сондай-ақ су және газ құбырларын шығаратын зауыт салу бойынша жобалар таныстырылды. 

Санкт-Петербург стендінде Қазақстанда дәрілік препараттар өндірісін локализациялау және байыту фабрикаларының техникасын жаңарту бойынша жобалар ұсынылған. 

Сонымен қатар көрмені аралау кезінде Әлихан Смайылов пен басқа елдер делегацияларының басшылары Татарстан және Башқұртстан республикалары, Мәскеу облысы және басқа өңірлердің стендтерімен танысты.

Қазір оқып жатыр

Оңтүстік Кореяда Alatau City-де ірі жобаларды іске асыру мүмкіндігі талқыланды

Alatau City бойынша келіссөздер

«Біз одан шарап ішеміз»: Кенесарының бас сүйегі туралы айтқан қырғыз студенттері кешірім сұрады

Қырғызстандық студенттер

Жанжал кезінде газ тапаншасынан оқ атқан Астана тұрғыны 5 жылға сотталды

тапанша

Іле-Балқаш резерватына бір үйір құлан жіберілді

Іле-Балқаш резерватына жіберілген құландар