USD
USD
USD

Әлихан Смайылов: Президент тапсырмалары орындалып жатыр

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Үкіметтің кеңейтілген отырысында Президенттің қаңтар оқиғасынан кейін берген тапсырмаларының орындалу барысы туралы баяндады.

Әлихан Смайылов: Президент тапсырмалары орындалып жатыр
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Қаңтар айында болған қайғылы оқиғалар еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму жоспарына түзетулер енгізді. Әлеуметтік-эконмикалық және қоғамдық-саяси жағдайды тұрақтандыру мақсатында осы жылдың басынан бастап сіз Үкіметке шұғыл және жүйелі 108 тапсырма бердіңіз. Бүгінгі таңда 44 тапсырма орындалды», – деді Әлихан Смайылов.

Оның сөзіне қарағанда, бүгінде әлеуметтік-экономикалық жағдайды тұрақтандыру жөніндегі жедел іс-жоспар аясында елдің барлық аймақтарында қоғамдық тәртіп қалпына келтірілген.

«Коммуналдық қызметтердің бағалары мен тарифтерінің өсуіне жарты жылға мрораторий енгізілді. Жанар-жағармайға және газға шекті бағалар белгіленді. Үкімет жанындағы отандық кәсіпкерлер кеңесі құрылды. Утилизациялық алымлдар мемлекетке берілді. 100 процент мемлекеттік ұйым «Жасыл даму» акционерлік қоғамы жауапты оператор болып айқындалды», – деді Үкімет басшысы.

Қазір оқып жатыр

Ташкентке жарысқа барып, ауруханаға түскен жас футболшылар елге оралды

Ташкентте емделген футболшылар мен дәрігерлер, елшілік өкілдері

Павлодар колониясында 12 жылға сотталған жігіт өлі күйінде табылды

рақымшылық

Қазақстан бензин мен дизель отынын шетелге шығаруға тағы алты айға тыйым салды

Ресейге бензин жеткізу

Ақтөбеде тағы бір келіншек бұрынғы күйеуінің қолынан ажал құшты: күдікті ұсталды

Полиция көлігі