USD
USD
USD

Әлихан Смайылов Михаил Мишустинмен телефон арқылы сөйлесті

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Ресей Федерациясы Үкіметінің Төрағасы Михаил Мишустинмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды primeminister.kz.

 Әлихан Смайылов Михаил Мишустинмен телефон арқылы сөйлесті
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE.  Ресей Федерациясы Үкіметінің Төрағасы М. Мишустин Ә. Смайыловты Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі лауазымына тағайындалуымен құттықтады.

Тараптар стратегиялық әріптестікті екіжақты және көпжақты форматта одан әрі нығайтуға әзір екендіктерін білдірді.

«Қазақстан Үкіметі Ресей Федерациясымен стратегиялық серіктестікті тереңдету бағытын берік ұстанады. Сізбен бірге екіжақты күн тәртібінің барлық саласы бойынша Қазақстан-Ресей қарым-қатынасына тән мазмұнды және тұрақты диалогты әрі қарай жалғастыра береміз деп үміттенемін. Біз бұған дейін қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асыруға барынша дайынбыз», — деді Ә. Смайылов.

Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы екіжақты сауда-экономикалық ынтымақтастық және өзара іс-қимыл мәселелері талқыланды.

Ресей – Қазақстанның негізгі сауда-экономикалық серіктесі.

Осы жылдың 10 айының қорытындысы бойынша ҚР мен РФ арасындағы тауар айналымының көлемі 30%-ға артып, $19,5 млрд-қа жетті.

Бұл ретте сауда құрылымын әртараптандыруда ілгерілеушілік байқалып отыр – Қазақстанның экспорт көлемі 39,4%-ға, оның ішінде өңделген өнім экспорты 47,7%-ға өсті.

2019 жылғы пандемияға дейінгі кезеңмен салыстырғанда сауда көлемі де 21%-дан астамға өсті.

Қазір оқып жатыр

100 млн теңге пара алғаны үшін бұрынғы шенеунік сотталды

Парақор шенеунік

Маңғыстаудағы сарбаздар қазасы бойынша 300-ден астам адамнан жауап алынды – Бас прокуратура

Әскерилер өлімі

Қостанайда қарт кісіні өлтірді деген күдікпен жасөспірім ұсталды

Күдікті пен полицей

Китана «Бүркіт» арнайы жасағына қабылданған алғашқы жауынгер қыз атанды

Китана – Қымбат