USD
USD
USD

Әлихан Смайылов мектептерде қауіпсіздікті арттыру шараларын пысықтауды тапсырды

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Үкімет отырысы барысында мектептерде қауіпсіздікті арттыру шараларын пысықтауды тапсырды.

Әлихан Смайылов мектептерде қауіпсіздікті арттыру шараларын пысықтауды тапсырды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев кәмелетке толмаған баланың №4 қалалық мектеп оқушыларына шабуыл жасаған оқиғасын тергеу туралы баяндады.

Әлихан Смайылов Петропавлда орын алған оқыс жағдай халық арасында үлкен алаңдаушылық тудырғанын  атап өтті.

«Балаларының қауіпсіздігіне алаңдамайтын отбасы жоқ. Мектептің ішінде де қауіптің барын көріп отырмыз. Сондықтан бұл мәселені қайта қарап, оқу орындарына тексеру жүргізу қажет. Бейнекамералардың санын көбейтіп, мектепке кіреберіс жерлерде бақылауды күшейту мәселесін қарау керек», — деді Премьер-Министр.

Бұл ретте Үкімет басшысы:

Ішкі істер министрлігіне балалардың қауіпсіздігін арттыру бойынша келісілген ұсыныстар енгізуді,

Денсаулық сақтау министрлігіне зардап шеккен балаларды емдеуді ерекше бақылауға алуды, 

Оқу-ағарту министрлігіне Ішкі істер және Төтенше жағдайлар министрліктерімен бірлесіп, қауіпсіздік сабақтарын әзірлеуді тапсырды.

Қазір оқып жатыр

Оңтүстік Кореяда Alatau City-де ірі жобаларды іске асыру мүмкіндігі талқыланды

Alatau City бойынша келіссөздер

«Біз одан шарап ішеміз»: Кенесарының бас сүйегі туралы айтқан қырғыз студенттері кешірім сұрады

Қырғызстандық студенттер

Жанжал кезінде газ тапаншасынан оқ атқан Астана тұрғыны 5 жылға сотталды

тапанша

Іле-Балқаш резерватына бір үйір құлан жіберілді

Іле-Балқаш резерватына жіберілген құландар