USD
USD
USD

Әлихан Смайылов ЕҚДБ вице-президентімен келіссөз жүргізді

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Еуропа қайта құру және даму банкінің банк операциялары жөніндегі вице-президенті Алан Пиюмен кездесті, деп хабарлайды primeminister.kz.

Әлихан Смайылов ЕҚДБ вице-президентімен келіссөз жүргізді
Фото: NEGE.kz

Астана, NEGE. Кездесу барысында Қазақстан мен ЕҚДБ арасында бірқатар бағыттағы ынтымақтастықты дамыту, оның ішінде инвестициялар тарту және экология мәселелері бойынша бірлескен жобаларды іске асыру жайы қаралды. Атап айтқанда, тараптар ЕҚДБ-ның Қазақстандағы 2021 жылғы қызметінің қорытындылары мен 2022 жылға арналған ағымдағы жоспарларын талқылады.

Қазақстан Үкіметі мен бизнесі инфрақұрылымдық жобалар бойынша, қаржы, муниципалдық, корпоративтік секторлар арқылы ШОБ-ты қолдау бойынша ЕҚДБ-мен белсенді ынтымақтастық орнатқан.

«Біз ЕҚДБ-мен өзара іс-қимылдың стратегиялық сипатын жоғары бағалаймыз. Биыл Қазақстан мен ЕҚДБ ынтымақтастықтың 30 жылдығын атап өтуде. Осы кезеңде біз экономиканың әртүрлі салаларында $10 млрд астам сомаға шамамен 300 жобаны табысты жүзеге асырдық», — деді Ә. Смайылов.

Өзара ынтымақтастық ЕҚДБ-ның Қазақстан үшін 2022-2026 жылдарға арналған жаңа Елдік әріптестік стратегиясы аясында жалғасатын болады. Құжат жеке кәсіпкерліктің бәсекеге қабілеттілігін арттыру, жасыл саясатты және көміртекті бейтараптықты қолдау, сондай-ақ жеке сектордың қатысуы арқылы экономикалық интеграцияға және гендерлік теңдікке жәрдемдесу секілді мәселелер бойынша тараптардың өзара іс-қимылын қамтиды.

«Бүгінде әлемнің ірі экономикаларының декарбонизациясының тұрақты тренді байқалады. Көміртектік бейтараптық және көмірден бас тарту жөніндегі мақсаттары туралы мәлімдеген елдердің саны жыл сайын артып келеді. Сондай-ақ Қазақстан «жасыл» дамудың әлемдік трендтерін белсенді түрде ұстанады», — деді ҚР Премьер-Министрі. Өз кезегінде Алан Пию Қазақстанда іске асырылып жатқан реформаларды жоғары бағалап, көптеген мәселелер бойынша екіжақты ынтымақтастықты кеңейтуге мүдделілігін білдірді.


 

Қазір оқып жатыр

«Бағаны түсіруге мәжбүр болады»: қазір пәтер алған тиімді ме?

.

БҚО-да оқушы баланы 10 мың вольттық ток соғып, қаза болды

Ток соқты

Қазақстан Қырғызстанға мұнай транзитін бастады

мұнай

Qarmet-тің жаңа нысандары нақты келбетке ие бола бастады

Qarmet