USD
USD
USD

Әлихан Смайылов Денсаулық сақтау министріне брифингілерді сапалы өткізуді тапсырды

ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайылов Үкімет отырысында Денсулық сақтау министрлігінің брифингісінде вице-министрдің БАҚ өкілдерінің сұрақтарына дұрыс жауап бере алмағанына назар аударды.

Әлихан Смайылов Денсаулық сақтау министріне брифингілерді сапалы өткізуді тапсырды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Елдегі эпидахуал туралы баяндама жасаған денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиниятқа Үкімет басшысы Әлихан Смайылов ведомствоның өкілдерімен өтетін брифингілерге мұқият дайындалуды тапсырды. «Өткен аптада сіздің орынбасарыңыздың қатысуымен брифинг өткен еді. Денсаулық сақтау вице-министрінің журналистердің сұрақтарына нақты жауап ере алмағаны өкінішті. Осыған назар аударуыңызды сұраймын. Мұндай жағдайлар, құрметті әріптестер, бүкіл Үкіметтің жұмысына кері әсерін береді. Үкімет мүшелеріне журналистермен тығыз байланыста болуды тапсырамын. Біз қоғамға ашық болуымыз қажет. Әрбір қабылданған шешім дұрыс түсіндірілуі керек. Қоғаммен ақылдаса отырып қабылдануы керек. Бұл – Үкіметтің негізгі міндеті», – деді Премьер-Министр.

Қазір оқып жатыр

Alatau City жобасына Еуропа елдерінен инвесторлар тартылмақ

Делегация Алатау сити

Болат Өтемұратов OLX Қазақстанды 81 миллион долларға сатып алды

Болат Өтемұратов

Ташкентке жарысқа барып, ауруханаға түскен жас футболшылар елге оралды

Ташкентте емделген футболшылар мен дәрігерлер, елшілік өкілдері

Павлодар колониясында 12 жылға сотталған жігіт өлі күйінде табылды

рақымшылық