Әлихан Смайылов азық-түлік бағасының өсуіне байланысты әкімдерге ескерту жасады
2022 жылғы 19 наурызда Премьер-Министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен Мемлекет басшысының тапсырмаларын және Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік-экономикалық жағдайды тұрақтандыру жөніндегі жедел іс-қимыл жоспарын орындау бойынша кезекті кеңес өтті.
Алматы, NEGE. Бұл туралы Үкіметтің ресми сайты хабарлайды. Жыл басынан бері Қазақстанда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы 8 пайызға өсті. Бағаның өсуі барлық өңірде тіркелді.
Өңірлер бойынша өткен аптада баға ең жоғары өскен Батыс Қазақстан облысында - 9,5 пайызға, Ақтөбе облысында - 8,7 пайызға, Павлодар облысында - 7,1 пайызға және Атырау облысында - 6,7 пайызға. ҚР премьер-министрі Әлихан Смайылов әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдері бағасының айтарлықтай өсуіне жол берген бірқатар өңір әкімдеріне ескерту жасады.
"Облыста жыл басынан бері де, бір апта ішінде де барлық ӘМАТ бойынша бағаның өсуіне жол берілген, - деді Әлихан Смайылов БҚО әкіміне.
- Бұл халыққа едәуір қиын. Біз Оралдағы көптеген дүкенді араладық. Қант бағасы бір жерде төмен, ал бір жерде жоғары. Мен адамдарды еліміздің барлық өңіріне арнайы жолдадым. Кейбір сауда орындарында баға 20 пайызға көтерілген. Үстеме бағаны бақылау керек, оны ешкім қадағаламай отыр".
Премьер-министр қант бағасының өсуінің мысалында өңірде ӘМАТ бағасына бақылау, бөлшек сауда маржасының 15 пайыздан асып кетуіне жол бермеу мониторингі жүргізілмейтінін айтты.
Қазір оқып жатыр
Абай облысында жүргізуші куәлігін алуға көмектескен лауазымды тұлғалар ұсталды
30 маусымда қос Палатаның бірлескен қорытынды отырысы өтеді
«Van Cleef алқасын, Dior сөмкесін пара ретінде алған»: Кореяның экс-бірінші ханымы тағы 7 жыл арқалады
Бейбіт Құсайынов: Қазақстанда екінші орын алсаң, «бірінші орын алдым» деп есептей беруге болады