USD
USD
USD

Әлихан Смайылов әкімдердің міндетін арттырды

Бүгін Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов жұмыс орындарын есепке алу жүйесін енгізу бойынша ұсыныстар әзірлеуді тапсырды.

Әлихан Смайылов әкімдердің міндетін арттырды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Әлихан Смайылов Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жыл сайын әрбір 10 мың тұрғынға кемінде 100 жұмыс орнын құру әкімдердің міндеті болып белгіленгендігін атап өтті.

«Ұлттық экономика министрлігі Есеп комитетімен және Стратегиялық жоспарлау агенттігімен бірлесіп, екі апта ішінде Үкіметке осындай жұмыс орындарын есепке алу жүйесін енгізу бойынша ұсыныстар енгізсін»,- деді Премьер-Министр.

Естеріңізге сала кетсек, өткен аптада болған Үкіметтің кеңейтілген отырысында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев аудан әкімдеріне жыл сайын әрбір 10 мың тұрғын үшін кемінде 100 жұмыс орнын ашуды міндеттеген жөн екенін айтқан болатын.

Қазір оқып жатыр

Alatau City жобасына Еуропа елдерінен инвесторлар тартылмақ

Делегация Алатау сити

Болат Өтемұратов OLX Қазақстанды 81 миллион долларға сатып алды

Болат Өтемұратов

Ташкентке жарысқа барып, ауруханаға түскен жас футболшылар елге оралды

Ташкентте емделген футболшылар мен дәрігерлер, елшілік өкілдері

Павлодар колониясында 12 жылға сотталған жігіт өлі күйінде табылды

рақымшылық