USD
USD
USD

Әлихан Смайылов: Әрбір мәселені мұқият зерделеуге тапсырма бердім

ҚР Премьер-Министрі Кеңсесіне қойылған әрбір сұрақ пен көтерілген әрбір проблеманы мұқият зерделеуге тапсырма бердім. Бұл туралы Үкімет басшысы Әлихан Смайылов Facebook-тегі парақшасында жазды. 

Әлихан Смайылов:  Әрбір мәселені мұқият зерделеуге тапсырма бердім
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Белсенділік танытып, сұрақ қойып жатқандарыңызға алғыс білдіремін. ҚР Премьер-Министрі Кеңсесіне қойылған әрбір сұрақ пен көтерілген әрбір проблеманы мұқият зерделеуге тапсырма бердім.

Өкінішке қарай, жұмыс бабына байланысты сіздердің барлық сұрағыңызға жеке жауап бере алмауым мүмкін. Десе де, ешбір өзекті сұрақ жауапсыз қалмайтынын және оларға құзырлы органдар міндетті түрде жауап беретінін жеткізгім келеді», - деді Әлихан Смайылов.

Еске салсақ, кеше ҚР Үкімет басшысы Facebook желісінде жеке парақшасын ашып, «Жазылыңыздар, сұрақ қойыңыздар, идеялар ұсыныңыздар. Мүмкіндігінше сауалдарыңызға жауап беріп, қажетті шешімдерді қабылдаймын», - деп жазба қалдырған болатын.

Қазір оқып жатыр

Меладзенің Алматыдағы концертінде шу шығарған әйелдер жазаланды

.

Семейде жүріп бара жатқан жолаушылар автобусы өртенді

өрт

Alatau City жобасына Еуропа елдерінен инвесторлар тартылмақ

Делегация Алатау сити

Болат Өтемұратов OLX Қазақстанды 81 миллион долларға сатып алды

Болат Өтемұратов