USD
USD
USD

Әлихан Бөкейхан ауданына жаңа әкім тағайындалды

Қарағанды қаласы Әлихан Бөкейхан ауданының әкімі ауысты. Бұл лауазымға Саят Шаймин тағайындалды.

Әлихан Бөкейхан ауданына жаңа әкім тағайындалды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. С.Шаймин бұған дейін Қарағанды облысының Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы қызметін атқарды.

«ҚР Президенті Әкімшілігінің және қалалық мәслихат депутаттарының келісімі бойынша Саят Шаймин Қарағанды қаласы Ә.Бөкейхан ауданының әкімі болып тағайындалды», – делінген Қарағанды әкімінің баспасөз қызметі ұсынған хабарламада.

Бұрынғы аудан әкімі Мейрам Кожухов басқа жұмысқа ауысуына байланысты қызметінен босатылды.

Саят Шаймин еңбек жолын «Қарағанды Жолдары» ЖШС күрделі құрылыс бөлімінің маманы болып бастады.

«Қазавтожол» АҚ жұмыс істеді. 2019 жылы Қарағанды облысының Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары болып тағайындалды.

Ал 2021 жылдың мамыр айында осы басқарманың басшысы болды.

Қазір оқып жатыр

Алматы әкімдігі билбордтар орнатуға 600-ден астам жер телімін заңсыз берген

Алматы

Күшті әсер ететін заттар Wildberries арқылы арықтауға арналған дәрі ретінде сатылған

күшті әсер ететін дәрілер

Түбегейлі өзгеріс емес, нысаналы түзету: Үкіметте неге төрт-ақ министр ауысты?

Үкіметтің жаңа құрамы

Сүлейменов Ұлттық қордан алынатын 5 трлн теңге инфляцияға қалай әсер ететінін айтты

инфляция