USD
USD
USD

Әлиев пен Пашинян шекараны делимитациялау бойынша комиссия құруға уағдаласты

Брюссельде Армения премьер-министрі Никол Пашинянның, Еуропалық Кеңестің төрағасы Шарль Мишельдің және Әзербайжан президенті Ильхам Әлиевтің үшжақты кездесуі өтті, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Әлиев пен Пашинян шекараны делимитациялау бойынша комиссия құруға уағдаласты
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE.  Никол Пашинян Әзербайжан бөлімшелерінің әрекеті салдарынан туындаған Арцахтағы жағдай және гуманитарлық проблемалар туралы айтты. Кездесу қорытындысы бойынша тараптар Армения мен Әзербайжан арасындағы шекараны делимитациялау жөніндегі екіжақты комиссияның уағдаластығын сәуір айының соңына дейін құру туралы құжатқа қол қойды.

Бұл келісім шекара бойындағы қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету мәселелерімен айналысуға мүмкіндік береді. Армения премьер-министрі мен Әзербайжан президенті Сыртқы істер министрлеріне екі ел арасындағы бейбіт келіссөздерге дайындықты бастауды тапсырды.

 Таулы Қарабақтағы қарулы қақтығыс 2020 жылдың қыркүйек айының соңында басталған еді. 10 қарашада Әзербайжан, Армения және Ресей басшылары үшжақты мәлімдемеге қол қойғаннан кейін, атыс толығымен тоқтатылды. Алайда әлі күнге дейін Әзербайжан мен Армения шекарасында қақтығыстар болып тұрады. 

Қазір оқып жатыр

8 мамырда қос Палатаның бірлескен отырысы өтеді

Парламент

Алматыда «Пионердің» тағдыры не болмақ?

.

Ер адам екінші әйелін өлтіру үшін 10 мың долларға киллер жалдаған

Өзбекстан азаматы

Қазақстанда автосақтандыру бағасы өсуі мүмкін

Автосақтандыру