USD
USD
USD

Әлиев Тоқаевтың Нахчыванға жасалған шабуылға қатысты ұстанымы үшін алғыс айтты

Әзірбайжан Президенті Ильхам Әлиев Нахчыван әуежайына жасалған соққыны айыптағаны үшін Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтты.

.
Фото: Ақорда

Астана, NEGE. Бұл туралы Ильхам Әлиев X әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды.

«Иран жасаған шабуылдарды айыптағаны және Әзербайжан мен Қазақстан арасындағы бауырластық әрі одақтастық қатынастар рухында елімізге қолдау білдіргені үшін Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғысымды білдіремін», – делінген жазбада.

Бұған дейін Ильхам Әлиев Ираннан дипломатиялық құрамды толық шығару туралы шешім қабылдады. Ел президентінің мұндай шешім қабылдауына Ираннан ұшырылған дрондардың Нахчыван аумағына құлауы себеп болып отыр: бір дрон әуежай аумағына, екіншісі мектептің маңына түсті. 

Баку болған оқиғаны шабуыл ретінде бағалады. Әзірбайжанның Сыртқы істер министрлігі Иран елшісін шақырып, ресми түсініктеме талап етті.

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бұл оқиғаны қатаң айыптап, жағдайды дипломатиялық жолмен реттеуге шақырды.

Қазір оқып жатыр

Жаңаөзен әкімнің бұрынғы орынбасары ауруханаға демеуші бөлген қаржыны жымқыру ісі бойынша тексерілуде

ҚМА қызметкерлері мен күдікті

Қытайлық Temu маркетплейсіне Швейцарияда сатушыларға қысым көрсетті деген айып тағылды

Temu

Елена Рыбакина US Open финалына шықты

Елена Рыбакина

«Оземпик», «Мунджаро»: арықтататын препараттардың пайдасы мен қаупі қандай?

Оземпик