USD
USD
USD

Әли Оқапов директоры Ерлан Әлімовпен жұмысын тоқтатты

«SuperStar.kz» музыкалық байқауы арқылы танылған Ерлан Әлімов бүгінде сахнада ән шырқамаса да, өнер әлемінен алыстаған емес. «Асыл» тобының директоры атанып, q-pop​ әлеміне белгілі Зируза сынды жас әншіні қарамағына алды. Әли Оқаповпен бірге сегіз жылдан аса жемісті еңбек етті. Алайда қос өнераздың шығармашылық қызмет жолы ұзаққа бармады.

Әли Оқапов директоры Ерлан Әлімовпен жұмысын тоқтатты
Фото: NEGE.kz

Әли Оқапов сегіз жыл бойы берік шығармашылық байланыс орната білген директорымен қош айтысты. Әли мен Ерлан алғашқыда серіктестік жайлы көлікте қол алысып, ешбір құжатсыз тек достық келісімшартпен жұмысқа кіріскен. Нәтижелі еңбек еткен қос замандас, енді екі жаққа кетуді ұйғарыпты. Бұл ой халық әртісінің ұлын өткен жылдан бері мазалап келген, әйтсе де Әлімовке айтудың  орайы тек биыл түсіпті. Осылайша қос тарап бір шешімге келіп, ортақ жұмысын тоқтатты. Алдағы уақытта Оқапов жаңа директорымен шығармашылығын жалғастырмақ.

Айта кетейік, осы уақыт аралығында Әлидің командасы жемісті еңбек ете білді. Ерлан Әлімовпен бірге Қазақстанның қос бірдей бас қаласында жеке концертін ел назарына ұсынып, бірнеше бейнебаянның да тұсауын кесіп үлгерді. Одан бөлек, түрлі музыкалық фестивальдерде Әли Оқапов үздік орындаушы номинациясына ие болды.

Қазір оқып жатыр

Қостанайдағы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында 14 жастағы мүгедек бала көз жұмды

Мекеме

Сауда министрлігі: Wildberries-тен Қазақстанда қойма салуға ресми өтініш түскен жоқ

Wildberries

QIC Алматы әуежайындағы үлесін 133 млн долларға сатады

Алматы әуежайы

Қазақстандағы жалғыз арнайы психиатриялық аурухана тексеріледі

Денсаулық