USD
USD
USD

Әли Хаменеидің ұлы Иранның жоғарғы басшысы болды

Израиль шабуылынан қаза болған Аятолла Әли Хаменеидің ұлы Моджтаба Хаменеи Иранның жаңа жоғарғы басшысы болып сайланды.

Моджтаба Хаменеи
Фото: wikimedia commons

Астана, NEGE. Iran International арнасының дереккөздеріне сүйенсек, Моджтабаны Иранның Сарапшылар ассамблеясы Ислам революциясы сақшылар корпусының қысымымен елдің келесі жоғарғы көсемі етіп сайлаған.

Әзірге бұл ақпарат ресми расталған жоқ.

Моджтаба Хоссейни Хаменеи 1969 жылы 8 қыркүйекте Иранның Мешхед қаласында дүниеге келген. Ол – Хаменеидің екінші ұлы. 1999 жылы Құмдағы діни орталыққа оқуға қабылданған, кейінірек дін қызметкері болды және Құм семинариясында теологиядан сабақ берді. 2004 жылы Иран Мәжілісінің (парламентінің) спикері Ғолам-Әли Адельдің қызына үйленген.

Бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, ол бұрын Иранның ең ірі банктерінің біріндегі қаржылық активтерді бақылаған. Бұл активтерге Еуропадағы қонақ үй бизнесі және Ұлыбритания, Германия және БАӘ-дегі қымбат жылжымайтын мүлік кірген. 2019 жылдың қарашасында Иран уран өндірісін арттырғандықтан, ол АҚШ-тың санкциялар тізіміне енгізілді.

Бұған дейін оның Жоғарғы көшбасшының мұрагері болуы мүмкін екені айтылып жүрді.

Еске салсақ, Аятолла Хаменеи 28 ақпан күні таңертең АҚШ пен Израиль жасаған шабуыл салдарынан қаза тапты. Иран үкіметі Аятолла Хаменеидің дүниеден өтуіне байланысты елде 40 күндік жалпыұлттық аза жариялап, жеті күнді мемлекеттік демалыс берді.

Қазір оқып жатыр

Референдумда 9 миллионнан астам қазақстандық дауыс берді

Референдум

Халықтың 70,98 пайызы дауыс берді

.

Маңғыстау облысында референдум күні көпбалалы отбасында Атазаң есімді ұл дүниеге келді

Маңғыстау облысы

Халықтың 51,93 пайызы дауыс берді: Референдум өткізілді деп саналады

Референдум