USD
USD
USD

Әли Ахмедов Астанада жекпе-жек өткізеді

28 ақпанда Астанада бокс турнирі өтеді. 

бокс
Фото: жеке парақшасынан

Алматы, NEGE. Турнирдің басты жұлдызы – Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов. Сонымен қатар, көрермендер Қуат Хамитов пен Мариф Пираев сынды спортшылардың қатысуымен тартысты жекпе-жектерді тамашалайды.

Орта салмақта өнер көрсететін Әли Ахмедов (23-1, 17 КО) те аталмыш турнирдің басты жұлдыздарының бірі ретінде шаршы алаңға шығады.

Бұл туралы AllStars Boxing промоутерлік компаниясы мәлімдеді. Әлидің қарсыласының есімі әзірге жарияланған жоқ.

«Біз қазақстандық боксшы Әли Ахмедовтың AllStarsBoxing 3 турнирінде өнер көрсететінін қуана хабарлаймыз», – деп жазды ұйым әлеуметтік желідегі парақшасында.

Әли Ахмедов рингке жақында ғана шықты. Ол 18 қаңтарда Коммерсте (АҚШ, Калифорния) америкалық Малкольм Джонсты (17-5-1, 10 КО) екінші раундта нокаутқа жіберді.

Осы жекпе-жектен кейін Калифорния штатының Атлетикалық комиссиясы оны дисквалификациялады. Ахмедов 31 қаңтарға дейін рингке де, спарингке де шыға алмайды. Ал, қазақстандықтың қарсыласы Джонс 3 наурызға дейін жарыстарға қатыса алмайды.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанға есірткіні тәтті ретінде әкелмек болған 20 жастағы қыз 16 жылға сотталды

Кісен

Астанада 4,4 млрд теңгенің пәтерлерін жалған үлескерлер арқылы иемденбек болғандар әшкереленді

Күдікті

Алматыда Санжар Боқаевқа қатысты сот процесі басталды: оған бес бап бойынша айып тағылды

Санжар Боқаев

Қоқыстан табылған нәресте өлімі бойынша экс-полицей өмір бойына бас бостандығынан айырылды

Сталкинг