USD
USD
USD

Алғыс айту күні еріктілер игі іс жасады

Елде 300 мыңға жуық волонтер өзгеге қол ұшын созып, қоғам игілігі үшін еңбек етіп келеді, деп жазды 24.kz.

В
Фото: Azattyq Rýhy

Алматы, NEGE. Осы уақытқа дейін олар мемлекеттік маңызы бар жиындарда, қиын-қыстау сәтте, табиғи апатта да төбе көрсетіп, жұдырықтай жұмыла білді. Қазір елде 800-ге тарта волонтерлік ұйым, 2 мың бастамашыл топ жұмыс істейді. Ерікті түрде көмек көрсетіп жүрген жандардың қатарында ақ жаулықты әжелер де бар.

Бәтима Мырзахметқызы, волонтер:

- Біз өзіміз Талдықорған жақтан келдік. Ол жерде көп родниктер, бұлақтар болды. Солар қараусыз қалыпты. Мен соны көрдім де ең бірінші волонтерлыққа осы бұлақтарды тазаласа деген оймен келген болатынмын. Қасыңда сені түсінетін адам бар. Қиын жағдайда сені қолдайтын адам бар екенін түсінсін деген ой бар. Үйдегі барлық адамның жағдайы бірдей емес қой. Сол адамдарда «мен осындай қиыншылықта жалғыз қалдым-ау» деген ой болмасын деген желеумен бардық.

Қайырымды іске құштар кейуаналардың басын біріктірген бас қаладағы «Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы». 6 жыл бұрын ашылған мемлекеттік мекеме бүгінде 14 мыңнан аса қарияға қызмет көрсетеді.

Күләнда Мұрсалова, волонтер:

- Жеке адамның волонтерлық қызметі арқылы қоғамға көп әсер етеді. Халық сенің соңыңнан ереді. Мысалы мектепке барсақ, оқушыларды тазалыққа тәрбиелейміз, бір бірімен дос болуға шақырамыз. Еден жуушыларға көмектесіп, сый құрметпен қара деп, сабақтар өткізіп келдік.



Қазір оқып жатыр

Астана емханасында емге бөлінген қаржы Италия сапарына жұмсалған

Аурухана

Қошанов иттерді күтіп ұстауға бөлінген миллиардтардың мақсатты жұмсалғанына күмән келтірді

Ерлан Қошанов

Энрике Иглесиасқа Қазақстанда жанкүйерлерін сүюге рұқсат етіле ме?

Энрике Иглесиас

Мәжіліс қаңғыған жануарларды эвтаназиялау туралы заңды мақұлдады

Ит