USD
USD
USD

Алғашқы қоңырау онлайн режимде өте ме?

Ертіс өңірінде мектеп оқушылары үшін алғашқы қоңырау онлайн режимде өтеді. Тек шалғай ауылдардағы 183 мектеп оқу үрдісін дәстүрлі жағдайда ұйымдастырады.

Алғашқы қоңырау онлайн режимде өте ме?
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Облыс аумағында 366 мектеп бар. Оқушылардың саны 111 мыңнан асады. Биыл бірінші сыныпқа он екі  мыңдай бүлдіршін барады. Бүгінгі таңда облыс мектептерінің 70 проценті медициналық қорғаныс заттармен қамтамасыз етілген. Бұл мақсатқа 90 миллион теңге бөлініп отыр. Оқушыларды тасуға 30 автобус алу жоспарланған. Биылдан бастап, аймақта «Заманауи мектеп» жобасы жүзеге асады. Билік өкілдерінің айтуынша, бастауыш сынып оқушыларын тегін ыстық тамақпен қамтуға бағытталған қаржы, компьютерлік техника алуға жұмсалады дейді жергілікті билік өкілдері.

Облыс әкімі Әбілқайыр Сқақов: "Тек ауылдардағы, бізге осы стандарттарға сай емес мектептерде ғана оқу жылы дәстүрлі түрде басталады. Басқа мектептер, әсіресе қаланың ішінде олар осы қашықтықтан форматында ұйымдастырылады. Сондықтан осы жоспарланған қаражат балаларды тамақпен қамтамасыз ету ол экономия режимінде басқа бағыттарға көзделеді немесе осы жоспарланған қаражат осы компьтерлерді сатып алу балалар мен мұғалімдерді қамтамасыз етуге жіберіледі" деді.

Қазір оқып жатыр

Үндістанда кәмелетке толмаған спортшының арызынан кейін қазақстандық жаттықтырушыға іздеу жарияланды

Мақсат Аязбаев

«Әрбір сарбаз өзін қауіпсіз сезінуі керек»: Қорғаныс министрлігінің жаңа басшысы алғашқы кеңесте не айтты?

Қорғаныс министрі Айдос Мырзахметов

TikTok-та қаза болған сарбаздар туралы жағымсыз пікір айтқан жігіт 10 тәулікке қамалды

Нұрахмет Бердібай

БҚО-да 28 млн текше метр су жинайтын жаңа су қоймасы салынады

су қоймасы