Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Алғашқы АЭС құны 14 млрд доллар болуы мүмкін

Атом энергетикасы жөніндегі агенттік төрағасы Алмасадам Сәтқалиев елде салынатын алғашқы АЭС-тің болжамды құнын атады.

Exit poll
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. «Құны техникалық-экономикалық негіздеме бойынша белгілі болады. Бізде қазір вендерлер ұсынған индикативті өлшемдер бар. Қазір ол ұсыныстарын жария ете алмаймыз. Өйткені ресми келісімдермен қорғалған. Жалпы алғанда, әлемдік тәжірибеге сүйенсек, мұндай деңгейдегі станса құны шамамен 14 млрд доллар болады», – деді Алмасадам Сәтқалиев.

Сондай-ақ, ол екінші АЭС-ті Қытай салады деп айтылған ақпаратқа түсініктеме берді.

«АЭС салумен байланысты әрбір жоба өзінше бірегей. Бәрінің құзыреті, байыпты тәжірибесі бар. «Росатомды» бірінші жобаға таңдап алуымыздың өзіне құрылыстың мерзімі бойынша ұсынған нұсқасымен байланысты болды. Қытай тарабымен келіссөз өткеннен кейін ғана екінші АЭС құрылысы туралы айтуға болатын шығар», – деді агенттік төрағасы.

Қазір оқып жатыр

Танымал блогер Тоқаевтың сүйікті тұлпары Ақжанды алғаш рет кең далада түсірді

.

«Астана» баскетбол клубы жабыла ма? Министрлік түсініктеме берді

.

«Әділет» партиясы: Қазақстан – зайырлы мемлекет, ал «Заң және тәртіп» қағидаты баршаға міндетті

.

Грантқа іліге алмағандарға тағы бір мүмкіндік бар

грант