USD
USD
USD

Алғаш рет «Қазақстанның еңбек сіңірген құрылысшысы», «Қазақстанның еңбек сіңірген өнеркәсіп қайраткері» құрметті атақтары табысталды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне арналған салтанатты жиын өтті. 

Ақорда
Фото: Ақорда

Астана, NEGE. Жиында «Қазақстанның еңбек сіңірген құрылысшысы», «Қазақстанның еңбек сіңірген өнеркәсіп қайраткері» құрметті атақтары алғаш рет табысталды.

«Әлемдік додаларда топ жарып, еліміздің абыройын асқақтатып жүрген аруларымыз да бар.

Біз қажырлы еңбегімен, ерен ерлігімен танылған қыз-келіншектерді мақтан тұтамыз. Тәуелсіздік жылдары өз саласының үздігі атанған 8 әйелге «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы берілді.

Биыл елімізде – «Жұмысшы мамандықтары жылы». Қазір осы саладағы білікті мамандардың мәртебесін көтеру үшін белсенді жұмыс жүргізіліп жатыр. Мысалы, мемлекеттік марапаттар жүйесіне жаңадан 9 құрметті атақ енгізілді. Бүгін осындай екі марапат алғаш рет тапсырылады.

Ақорда
Фото: Ақорда

«Қазақстанның еңбек сіңірген құрылысшысы» атағы еңбек ардагері Ольга Шелудькоға беріледі.

Ал өндіріс озаты Майра Ерманова «Қазақстанның еңбек сіңірген өнеркәсіп қайраткері» атанып отыр.

Осындай нағыз еңбек адамдарына бүкіл ел болып құрмет көрсетіп, оларды жан-жақты дәріптеуіміз керек. Жұмысшы мамандықтары жылының түпкі мәні де – осы», - деді Мемлекет басшысы.

Қазір оқып жатыр

«Тозаққа айналады»: Трамп Иранға 48 сағат уақыт берді

депорация

Танакөз Толқынқызының үстінен іс қозғалмайды

Танакөз Толқынқызы

Алматылықтардың мазасын алған тәжікстандық жасөспірімдер елден шығарылды

Алматы

Түркістан облысында жалған айғақ беруге айдап салған адвокат сотталды

кісі өлімі