«Алға, Қазақ елі!»: Дастан Сәтпаев алдағы маусымды «Бернли» сапында өткізеді
«Челси» қазақстандық футболшы Дастан Сәтпаевты ресми түрде өз ойыншысы ретінде таныстырып, алдағы маусымға «Бернлиге» жалға бергенін хабарлады.
Астана, NEGE. Сәтпаев жаңа кезеңіне қатысты әлеуметтік желіде пікір білдірді.
«Бұл тек бастамасы. Жалға ауысу – мені мықтырақ ететін жаңа тәжірибе. Ең жақсысы әлі алда, Ин ша Алла! Алға, Қазақ елім!» – деп жазды футболшы.
«Бернли» Чемпионшипте – Англия футболындағы Премьер-лигадан кейінгі екінші деңгейлі дивизионда өнер көрсетеді. Клуб бұған дейін де «Челсиден» ойыншыларды жалға алған. Атап айтқанда, «Бернли» сапында Иан Маатсен, Давид Датро Фофана және Башир Хамфрис ойнаған.
Бұған дейін «Бернлиді» қазіргі «Бавария» бапкері Венсан Компани жаттықтырған. Қазір команданы кезінде «Брюггені» Бельгия чемпионы атандырған Ники Хайен басқарады.