USD
USD
USD

Әл-Фараби ескерткішіне жөндеу жүріп жатыр

Әбу Нәсір әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойына орай Түркістан облысы Отырар ауданындағы «Даңқты бабалар саяжолы» жөндеуден өткізілуде. Ұлы ойшылдың еңселі ескерткіші бой көтерген бұл нысан 2005 жылы салынған.

Әл-Фараби ескерткішіне жөндеу жүріп жатыр
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Көптен бері жөндеу көрмеген саяжолды қалпына келтіру жұмыстарына 71,726 млн. теңге қаржы қаралып отыр. Бұл қаржыға жалпы көлемі 524 шаршы метр жер көгалдандырылып, 48,3 шаршы метр болатын аркаларды травертинмен, ауқымы 101,5 шаршы метр болатын Әл-Фарабидің ескерткіштері гранитпен қапталатын болады. Сондай-ақ, аяқжолға арналған жолдар салынып, орындықтар мен қоқыс жәшіктері орналастырылатын болады. Бұдан бөлек, жарықшамдар орнатылып, сахна қайта түрленеді.
Сонымен қатар, аудандағы «Қасірет» мемориалы маңындағы аллеяға да ағымдағы жөнделуде. Жобаның жалпы құны 41,750 млн. теңге. Мұнда 315,4 шаршы метр жерге аяқжол төсемелері төселіп, 315,3 шаршы метр жердегі гранит қаптамаларын ауыстырылып, орындықтар мен қоқыс жәшіктерін қойылуда. Және жоспар бойынша аталған нысанға жарық шамдар орнатылып, көгалдандырылатын болады.

Қазір оқып жатыр

Маңғыстау облысында тағы бір әскери қызметші қаза тапқаны рас па?

сот үкімі

Үндістанда кәмелетке толмаған спортшының арызынан кейін қазақстандық жаттықтырушы іздестірілуде

Мақсат Аязбаев

«Әрбір сарбаз өзін қауіпсіз сезінуі керек»: Қорғаныс министрлігінің жаңа басшысы алғашқы кеңесте не айтты?

Қорғаныс министрі Айдос Мырзахметов

TikTok-та қаза болған сарбаздар туралы жағымсыз пікір айтқан жігіт 10 тәулікке қамалды

Нұрахмет Бердібай