USD
USD
USD

Әл-Фараби даңғылындағы «Есентай» өзені арқылы өтетін көпір жаңартылады

Бостандық ауданында жалпы ұзындығы 28 км болатын 24 көше орташа жөндеуден өтеді.

Әл-Фараби даңғылындағы «Есентай» өзені арқылы өтетін көпір жаңартылады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Жұмыс мамыр айында басталып, қараша айында аяқталады. Бұл туралы қала әкімі Ерболат Досаев қала тұрғындарымен кездесуде мәлімдеді.

«Жыл басынан бері ауданы 1,7 мың шаршы метр 20 көшеде шұңқырларды жөндеу жұмыстары жүргізілді. Осы бағыттағы жұмыс жалғасады. Орталықсыздандыру аясында биылғы жылдан бастап жолдарды ағымдағы жөндеуді аудан әкімдіктері жүргізеді», - деді қала басшысы.

Ауданда 250 млн теңгеге жалпы ауданы 16,5 мың шаршы метр жолды жөндеу жоспарланған. Маусым айында Әл-Фараби даңғылындағы «Есентай» өзені арқылы өтетін көпір қайта жаңартылып, ерекше қажеттілігі бар адамдар үшін 2 көпір мен пандустар орнатылады.

Қазір оқып жатыр

Face ID жүйесіне қарсы шыққандарды полиция алып кеткен: басқарма не дейді?

Face ID

Тоқаевтың кітабы әлеуметтік желілерде қызу талқы тудырды: қазақстандықтар не дейді?

Кітап

Жетісу облысында оқушы қызды экскаватор қағып кетті

Эксковатор дөңгелегі

«Қолында суық қару болды»: Қостанайда футболшыға шабуыл жасалды

Пап-Алиун Ндиайе