USD
USD
USD

Әл-Фараби даңғылы Астананың сол жағалауға көшіріледі

Әл-Фараби даңғылы Астананың сол жағалауға көшіріледі, деп хабарлайды Астана әкімдігі.

Әл-Фараби даңғылы Астананың сол жағалауға көшіріледі
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Астананың ономастикалық комиссиясының отырысына Есіл ауданында орналасқан №38 жобалық атауы бар көшеге ұлы ғалым Әл-Фарабидің есімін беру туралы шешім қабылданды. Бұл көше Тәуелсіздік даңғылындағы салынып жатқан көпірдің артында орналасқан», - делінген хабарламада.

Бұған дейін «Алматы» және «Байқоңыр» аудандарында орналасқан Ақжол, Вишневская және Байырқұм көшелері біріктіріліп, Әл-Фараби даңғылы болып өзгертілген болатын. Қала тұрғындары, Астана мәслихаты мен Қоғамдық кеңес мүшелері, ғалымдар, зиялы қауым өкілдері бұл көше өндірістік аймақта орналасқандықтан, ұлы ғалымның есіміне сәйкес келмейді, осыған байланысты қаланың үлкен және орталық көшелерінің біріне ғалымның есімі берілуі тиіс деген ұсыныстарын бірнеше рет айтқан болатын.

Қазір оқып жатыр

Hyundai өрт шығуы мүмкін деген қауіппен 95 мыңға жуық Genesis көлігін кері қайтаруда

автокөлік

Қатардан – инвестиция, Каспийге – қорған, экология: Тоқаев халықаралық кездесулерде не айтты?

Қасым-Жомарт Тоқаев

Ақтөбе облысындағы шахтада тау жынысы опырылып, үңгуші қаза тапты

Жұмысшы қазасы

Шымкентте бір үйдің екі баласы көз жұмды: полиция өлімнің алдын ала себебін айтты

Полиция көлігі