USD
USD
USD

Әл-Фараби ауданында тың жобалар қолға алынды

Әл-Фараби ауданында адам көп шоғырланған 15 орынға қала тұрғындары мен қонақтары тегін су ішуі үшін ауызсу бұрқақтарын (питьевой фонтан) орнату жоспарланып отыр.

Әл-Фараби ауданында тың жобалар қолға алынды
Фото: NEGE.kz

Шымкент, NEGE. Аталған жоба аудан демеушілері есебінен ірі сауда орталықтары мен саябақтарға қойылмақ. Бүгінде субұрқақтардың эскизі дайындалып, демеушілермен келіссөздер жүргізіліп жатыр.

Бұл жөнінде аудан әкімі Рашид Мыңбаев @akimat_shymkent парақшасында тұрғындармен тікелей эфирде жүздесу барысында айтты.

Сондай-ақ, аудан басшысы тағы бір жаңа бастаманың қолға алынып жатқанын жеткізді. Аудан аумағына жолаушылардың хабы саналатын 10 нүктеге соңғы үлгідегі «Smart» аялдамалар салынбақ. Онда тұрғындардың ыңғайлылығы үшін тегін Wifi, смартфон қуаттағыш көздері, кондиционер, қаланың картасы және маршрут бағыттары көрсетілген электронды тақтайша орнатылады.

Ауданның әлеуметтік жағдайын жақсартуға ниетті азаматтарды тың идеялар мен жаңа бастамаларды бірге жүзеге асыруға шақырды. Эфир соңында тұрғындардан келіп түскен сұрақтарға жауап берді.

Қазір оқып жатыр

Қытайға тартылған мұнай құбырларындағы артық мұнай есептелмей, 3 млрд теңгеге жуық салық кем түскен

Мұнай құбыры

Қазақстанда электромобильдерге арналған жасыл түсті мемлекеттік нөмірлер бекітілді

Электромобиль

Сегіз ай күттірген жаңа пойыз: Stadler вагондары алғашқы рейсіне шықты

Stadler

«Министрдің жолы жіңішке» деген Саясат Нұрбек отставкаға кетуге дайын ба?

Саясат Нұрбек