USD
USD
USD

Әл-Фараби ауданында тазалық іс-шарасына 5 мыңға жуық адам қатысты

"Таза қала" акциясы аясындағы жалпықалалық сенбілік іс-шарасы Әл-Фараби ауданындағы барлық мекемелер мен кәсіпкерлік нысандар аумағында ұйымдастырылды.

Әл-Фараби ауданында тазалық іс-шарасына 5 мыңға жуық адам қатысты
Фото: NEGE.kz

Шымкент, NEGE. Тазалық жұмыстары барысында Республика, Қонаев, Түркістан, Момышұлы бойындағы саябақтар мен көше бойларындағы жапырақтар жиналып, раушан гүлдер келесі жылға жақсы сақталуы үшін тамырын көму жұмыстары жүргізілді.

Әл-Фараби ауданы әкімдігінің қызметкерлері әкімдік ғимараты алдындағы барлық қураған ағаштарды кесіп, арнайы орынға шығарды. Санитарлық тазалық іс-шарасында маңайдағы ирригациялық жүйелер мен аяқжолдар қоқыстан тазаланды.

Сондай-ақ, Байтұрсынов 17 Б ауласы сыпырылып, сынған ағаштар бұталанды.

Жалпықалалық сенбілік жұмыстарына ауданда 5000-ға жуық адам мен 41 арнайы техника жұмылдырылды.

Қазір оқып жатыр

Қытайға тартылған мұнай құбырларындағы артық мұнай есептелмей, 3 млрд теңгеге жуық салық кем түскен

Мұнай құбыры

Қазақстанда электромобильдерге арналған жасыл түсті мемлекеттік нөмірлер бекітілді

Электромобиль

Сегіз ай күттірген жаңа пойыз: Stadler вагондары алғашқы рейсіне шықты

Stadler

«Министрдің жолы жіңішке» деген Саясат Нұрбек отставкаға кетуге дайын ба?

Саясат Нұрбек