USD
USD
USD

ӘЛ-ФАРАБИ АУДАНЫНДА СЕЙСМИКАЛЫҚ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ІС-ШАРАСЫ ӨТТІ

Әл-Фараби ауданындағы «Айқап» шағынауданында Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің авариялық-құтқару қызметі сейсмикалық оқу-жаттығу іс-шарасын өткізді.

ӘЛ-ФАРАБИ АУДАНЫНДА СЕЙСМИКАЛЫҚ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ІС-ШАРАСЫ ӨТТІ
Фото: NEGE.kz

Шымкент, NEGE. Оқу-жаттығу барысында апат аймағынан эвакуациялаудың теориялық және практикалық дағдылары пысықталды. Оқу-жаттығу жоспары бойынша жер сілкінісі кезінде көпқабатты тұрғын үйлердің тұрғындары қауіпсіз жерге эвакуацияланды.

Авариялық-құтқару қызметтерінің, азаматтық қорғау бөлімшелерінің және жалпы ТЖ қызметкерлерінің өзара іс-қимыл деңгейі, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай туындаған кездегі олардың жұмысының тиімділігі бағаланды.

Шымкент қаласында бекітілген жоспарға сәйкес, барлық жалпы білім беретін мектептерде, тұрғын алаптарда, көпқабатты тұрғын үйлерде сейсмикалық оқу-жаттығу жүргізілуде.

Іс-шара ықтимал жер сілкіністері кезіндегі іс-қимылдарды пысықтау, адамдарды эвакуациялау, зардап шеккендерге көмек көрсету, жер сілкінісінің салдарын жоюды мақсат еткен.

Қазір оқып жатыр

Қытайға тартылған мұнай құбырларындағы артық мұнай есептелмей, 3 млрд теңгеге жуық салық кем түскен

Мұнай құбыры

Қазақстанда электромобильдерге арналған жасыл түсті мемлекеттік нөмірлер бекітілді

Электромобиль

Сегіз ай күттірген жаңа пойыз: Stadler вагондары алғашқы рейсіне шықты

Stadler

«Министрдің жолы жіңішке» деген Саясат Нұрбек отставкаға кетуге дайын ба?

Саясат Нұрбек