USD
USD
USD

Әл-Фараби ауданында «Мектепте жол акциясы» өтті

Әл-Фараби ауданындағы көмекке мұқтаж балаларды барынша қамту мақсатында «Мектепке жол» акциясы бастау алды.

Әл-Фараби ауданында «Мектепте жол акциясы» өтті
Фото: NEGE.kz

Шымкент, NEGE. Аудан әкімі Рашид Мыңбаев оқушылармен кездесіп, оларға жаңа оқу жылында толағай табыстар тіледі.

Сондай-ақ, аудандағы аз қамтылған, атаулы әлеуметтік көмек алмайтын көпбалалы отбасыларға, аз да болса көмек ретінде оқушыға қажетті жабдықтар жинағын табыс етті.

«Ауданымыздың өркендеуіне елеулі үлес қосып, қамқорлыққа зәру жандарға қол ұшын созып жүрген атымтай жомарт азаматтар жетерлік. Қашанда айналасына жанашырлық танытатын жомарт жүректі жандар бұл жолыда аянып қалмады. Ауданымыздың демеушілерінің арқасында 100 отбасына мектепке қажеттіліктерін алып беруге мүмкіндік туды. Елім, жерім дейтін азаматтарға айтар алғысымыз шексіз»,-деді аудан әкімі.

Карантиндік шектеу шараларына байланысты 100 отбасыға құрал-жабдықтар салынған сөмкелер үйлеріне жеткізілді.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанға Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған келді

Тоқаев, Ердоған

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына Пентагоннан тағы 400 млн доллар сұрады

Трамп ұлдарымен

Қазақстанда құрбан шалу рәсімін қашықтан өткізуге арналған сайт іске қосылды

.

15 мамырда Парламент Палаталарының бірлескен отырысы өтеді

депуттар