USD
USD
USD

Әл-Фараби ауданында аулалар абаттандырылды

Шымкент қаласы әкімінің тұрғындарға қолайлы ортаны қалыптастыру жөніндегі тапсырмасына сәйкес, биыл Әл-Фараби ауданындағы аулалар абаттандырылып, бірқатар демалыс, балалардың ойын алаңы мен спорт алаңдары пайдалануға берілді.

Әл-Фараби ауданында аулалар абаттандырылды
Фото: NEGE.kz

Шымкент, NEGE. Ел игілігіне берілген алаңдар Отырар шағын ауданындағы №11, 12, 13, 38 көпқабатты үй мен Әбдіразақов көшесіндегі №3, 9, 1, 2,15 үй, Байтұрсынов көшесіндегі №10, Жангелдин көшесіндегі № 8, 8А үй, және Қабанбай батыр көшесіндегі 11А мен 11Б үй ауласында орналасқан.

Құрылыс жұмысы аяқталған аулаларға балалар алаңшалары, демалуға арналған бастырма (беседка), орындықтар, қоқыс жәшіктері және ойын элементтері орнатылған. Сонымен қатар, алаңшалардағы ойын құрылғының барлығы Шымкент қаласында өндірілген.

Қалада ашылған жаңа демалыс орны тұрғындарға серуендеуге және дене шынықтырумен айналысуға мүмкіндік береді. Балалар алаңдары, ересектерге арналған демалыс орындары да қарастырылған.

Осы жылдың тамыз айында басталған абаттандыру жұмысын «Indigo Print» мердігер мекемесі жүргізді.

Айта кетсек, жыл соңына дейін ауданда тағы 18 аула абаттанып, пайдалануға беріледі.

Қазір оқып жатыр

Қытайға тартылған мұнай құбырларындағы артық мұнай есептелмей, 3 млрд теңгеге жуық салық кем түскен

Мұнай құбыры

Қазақстанда электромобильдерге арналған жасыл түсті мемлекеттік нөмірлер бекітілді

Электромобиль

Сегіз ай күттірген жаңа пойыз: Stadler вагондары алғашқы рейсіне шықты

Stadler

«Министрдің жолы жіңішке» деген Саясат Нұрбек отставкаға кетуге дайын ба?

Саясат Нұрбек