USD
USD
USD

Әлеуметтік желідегі алауыздық: Бас прокуратура ескерту жасады

Әлеуметтік желілерде қоғамда алауыздық тудыруы мүмкін арандатушылық сипаттағы жарияланымдар мен пікірлер тарала бастаған. Бас прокуратура мұндай әрекеттер заң бойынша қатаң жауапкершілік көзделгенін ескертті.

желідегі алауыздық
Фото: magnific.com

Астана, NEGE. Прокурорлардың мәлімдеуінше, алауыздықты қоздырғаны үшін жасалған іс-әрекеттің ауырлығына қарай Қылмыстық кодекстің 174-бабында 2 мыңнан (2026 жылы – 8,6 млн теңге) 7 мың АЕК-ке (2026 жылы – 30,2 млн теңге) дейін айыппұл салу немесе 20 жылға дейін бас бостандығын шектеу немесе айыру түріндегі жаза көзделген.

Сонымен қатар онлайн-платформаларда құқыққа қайшы контент жариялаған немесе таратқан жағдайда да айыппұл салынуы мүмкін. Егер мұндай әрекеттерде қылмыстық құқықбұзушылық белгілері болмаса, 20 АЕК (2026 жылы – 86 500 теңге) мөлшерінде айыппұл салынады.

Бұған қоса, жалған ақпарат жариялағаны және таратқаны үшін де әкімшілік жауаптылық көзделгені ескертілді.

«Ал көрінеу жалған ақпарат таратқан жағдайда, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 274-бабына сәйкес қылмыстық жауаптылық қарастырылған. Сондай-ақ мұндай жарияланымдардың авторлары ғана емес, оларды біле тұра таратқан адамдар үшін құқықтық салдар туындайтынына назар аударамыз», – делінген прокуратура хабарламасында.

Қадағалау органы қазақстандықтарды арандатушылыққа ермеуге, тексерілмеген ақпаратты таратпауға шақырады.

Қазір оқып жатыр

Alatau City жобасына Еуропа елдерінен инвесторлар тартылмақ

Делегация Алатау сити

Болат Өтемұратов OLX Қазақстанды 81 миллион долларға сатып алды

Болат Өтемұратов

Ташкентке жарысқа барып, ауруханаға түскен жас футболшылар елге оралды

Ташкентте емделген футболшылар мен дәрігерлер, елшілік өкілдері

Павлодар колониясында 12 жылға сотталған жігіт өлі күйінде табылды

рақымшылық