USD
USD
USD

Әлеуметтік желіде педагогтардың біліктілігін аттыруға қатысты жалған ақпар тарап жатыр

Соңғы күндері әлеуметтік желілерде оқу-ағарту саласына қатысты «оқу жылының мерзімі ұзару», «педагогтардың біліктілігін ақылы түрде арттыру» сияқты түрлі жалған ақпараттар тарап жатыр. 

Біліктілік арттыру
Фото: ғаламтордан

Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі былай деп хабарлады: «Әлеуметтік мессенджерлерде тараған оқу жылының мерзімін ұзарту туралы жалған ақпаратқа байланысты ҚР Оқу-ағарту министрлігі бұл мәліметтің шындыққа жанаспайтынын және мұндай мәселенің қарастырылмайтынын ресми түрде хабарлайды».

Сондай-ақ ақылы курстарға қатысты да мынадай мәлімдеме жасады: «Құрметті педагогтар!«Педагог мәртебесі туралы» ҚР Заңына сәйкес мемлекет үш жылда бір рет мұғалімдерді тегін біліктілікті арттыру курстарынан өткізіп келе жатқаны естеріңізге саламыз.

Біліктілікті арттыру курстарының тізбесі жергілікті атқарушы органдар берген өтінімдер негізінде қалыптастырылады. Бұл орайда тақырып пәндерді оқытудың нақты әдістеріне қатысты болады.Әлеуметтік желілерде ақылы курстар туралы күмәнді ақпараттар таралуда, курстардың ақылы болуы ведомствоның біліктілікті арттыру курстарының жоспарында қарастырылмаған. Сондықтан педагогтерге аса мұқият әрі сақ болуды ескертеміз.

Мұндай күмәнді курстар туралы ақпарат белгілі болған жағдайда білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету жөніндегі аумақтық департаменттерге жүгінуді немесе Қазақстан Республикасының Білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетіне +7 (7172) 74-23-92 телефон нөмірі арқылы немесе сілтемеде (https://www.gov.kz/.../control/press/news/details/863005...) көрсетілген департаменттердің байланыс нөмірлеріне хабарласуларыңызды сұраймыз. Сондай-ақ ол бойынша толығырақ ақпаратты «Өрлеу» БАҰО АҚ-ның (https://orleu-edu.kz/ , https://www.gov.kz/.../edu/documents/details/641574...) сайттарынан және де басқарма төрағасы Айдана Шилибековадан білуге болады.

Қазір оқып жатыр

Маңғыстаудағы әскерилер қазасынан кейін Қорғаныс министрлігінде 13 қылмыстық іс қозғалды

Қасым-Жомарт Тоқаев

Атырауда лифт құлап, үш адам ауруханаға жеткізілді

Құлаған лифт орны

ІІМ төрт адам қаза тапқан жол апатына бұрынғы полиция қызметкерінің қатысы бар деген ақпаратқа түсініктеме берді

Сая Әуелбекова

Семейде студенттің шотына 25 адамнан 16 млн теңгеден астам қаражат түскен

күдікті студенттер