Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

«Әлеуметтік желі арқылы нұсқау берілген»: Алматыда оқушы қыз мектепке балта алып барған

Желіде оқушылардың бірі мектепке балта алып барғаны жөнінде ақпарат тарады.

балта
Фото: freepik.com

Астана, NEGE. Алматылық полицейлер бұл дерек бойынша Жетісу ауданының полиция басқармасы сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіп жатқанын хабарлады.

«Кәмелетке толмаған жасөспірім әлеуметтік желілер арқылы берілген нұсқаулардың ықпалымен құқыққа қайшы әрекет жасауды жоспарлаған. Полиция қызметкерлерінің уақтылы қабылдаған шараларының нәтижесінде заңсыз әрекеттің іске асуына жол берілген жоқ», – деп хабарлады қалалық полицияның баспасөз қызметі.

Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы, сондай-ақ жасөспірімді құқыққа қарсы әрекеттерге тартуы мүмкін тұлғалар анықталуда.

Сонымен қатар кәмелетке толмаған қыздың заңды өкілдеріне қатысты бала тәрбиесі жөніндегі міндеттерді тиісінше орындамау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Полицейлер ата-аналарға баласының бойындағы кез келген алаңдататын белгілерге дер кезінде назар аудару қажет екенін ескертеді.

Қазір оқып жатыр

Партиялар сайлаушыларға қандай уәде берді

.

Көрерменге кімнің сөзі өтімді болды? Теледебаттағы дауыс беру қорытындысы шықты

.

«Экономикалық романтиктер»: Respublica ЖСДП-ның сынына жауап берді

.

eGov-тағы 15 млн адамның дерегі darknet-ке тарады ма? Министрлік жауап берді

Комп