USD
USD
USD

Әлеуметтік тұрғын үйге бөлінген 101 млн теңгені жымқырған: Алматы облысында үш адам сотталды

Алматы облысы Райымбек ауданында үш адам бірігіп, әлеуметтік осал топтағы азаматтарға тұрғын үй сатып алуға бөлінген бюджет қаражатын жымқыру схемасын ұйымдастырған деп айыпталды.

блогер соты
Фото: pixabay.com

Астана, NEGE. Прокуратура олардың заңсыз әрекетінен 101,4 млн теңге залал келгенін анықтады.

Қадағалаушы орган таратқан ақпаратқа сәйкес, 2019-2024 жылдары аудан бойынша әлеуметтік осал санаттағы азаматтарға 596 млн теңгеден астам қаржыға 55 тұрғын үй сатып алынған. Тексеру барысында схемаға қатысушылар үй бағасын негізсіз көтеріп, кейін бюджет қаражатын қолма-қол ақшаға айналдырып, өзара бөлісіп алғаны анықталған.

2026 жылғы 5 тамыздағы сот үкімімен үш адам Қылмыстық кодекстің 189-бабы (Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу) бойынша кінәлі деп танылып, 7-8 жылға бас бостандығынан айырылды. Бұған қоса тиісті лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айырылды.

Үкім әзірге заңды күшіне енген жоқ.

Қазір оқып жатыр

Боксшы Айбек Оралбай Азия ойындарының чемпионы атанды

Айбек Оралбай

Түркістан облысындағы ауылдарда сел жүріп, тұрғын үйлер мен қора-жайларды су басты

Сел

Ресейден 2,1 млн вакцина жеткізілмек: Қазақстанда тұмауға қарсы екпе басталды

Дәрігер

Лауазымды адамдар «Семей орманында» ағашты заңсыз кесу схемасын ұйымдастырды деген күдікке ілінді

Ағаш тиеген жүк көлігі