USD
USD
USD

Әлеуметтік маңызы бар тауарларға қосымша құн салығы салынбайды

Жаңа Салық кодексінің жобасында депутаттардың ұсынысы бойынша мынадай салық ставкалары сақталды.

Ққс
Фото: gov.kz

Алматы, NEGE. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдері, кітап басып шығару, археология қосымша құн салығынан босатылады. 

Әлеуметтік салада, денсаулық сақтауда қосымша құн салығынан босатылған дәрілік заттардың әлеуметтік тізбесін Үкімет анықтайды. Тек ақылы медициналық қызметтерге 10% қосымша құн салығы салынады.

Әлеуметтік саладағы корпоративті табыс салығы кезең-кезеңімен өседі – 2026 жылдан бастап 5%-ға және 2027 жылдан бастап 10%-ға.

Арнаулы салық режимінде тыйым салынатын емес, рұқсат етілмейтін тізім енгізіледі. Тыйым салынбағанның барлығына рұқсат беріледі.

Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер үшін «минус 70%» жеңілдік ставкасы күшінде қалады.

Өңдеу өнеркәсібі үшін корпоративті табыс салығы мөлшерлемесі 20% күйінде қалады.

Банк операциялары бойынша да қосымша құн салығы алынатын болады. Бәсекелестікті қорғау агенттігі Үкіметпен бірлесіп, бағаның өсуіне жол бермеу үшін қолданыстағы тарифтердің негізділігіне талдау жүргізеді.

Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Мәжілістің жалпы отырысында Салық кодексінің жобасындағы соңғы өзгерістерді атады.

Қазір оқып жатыр

Жаңа оқу жылы: Қазақстан мектептеріндегі өзгерістер қандай?

оқушылар

Атырау облысында 12 мың орындық 7 жаңа мектеп пайдалануға берілді

Атырау облысы жаңа оқу жылы

Ресей «Байқоңыр» мен әскери полигондарды жалға алғаны үшін Қазақстанға 64,8 млрд теңге төлейді

«Байқоңыр» кешенін жалдау ақысы

Қазақстандықтарға «неке мерзімін ұзарту» туралы жалған хабарлама тарады

хабарлама