USD
USD
USD

Әлеуметтік жобаларға 10 млн доллар бөлінбек

Энергетика министрлігі 1997 жылғы Қарашығанақ мұнай-газ конденсаты кен орны мердігерлік учаскесінің өнімін бөлу туралы түпкілікті келісім шеңберінде Үкімет қаулысының жобасын дайындады.

Әлеуметтік жобаларға 10 млн доллар бөлінбек
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Келісім бойынша Батыс Қазақстан облысындағы әлеуметтік және инфрақұрылымдық жобаларға 10 040 126 доллар мөлшерінде қосымша қаражат бөлу ұсынылып отыр.

«Атап айтқанда Батыс Қазақстан облысы Бөрілі ауданы Ақсай қаласының ауруханасында шұғыл медициналық көмек қызметін жаңғырту, мемлекеттік колледж базасында кәсіби оқу орталығын құру ұсынылды. Сондай-ақ, БҚО Бөрлі ауданы Аралтал ауылында жерді қалпына келтіруге және жауын-шашын суын сорғыту жүйесін орнатуға қаражат бөлу мәселесі қарастырылып жатыр» деп хабарлайды министрліктен.

Жобалар тізбесі Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің ұсынысы бойынша жасалған.

Үкімет қаулысының жобасы «Ашық үкімет» порталында жарияланған. Жария талқылау 5 қазанға дейін жалғасады.

Қазір оқып жатыр

NEGE-нің атын жамылған жалған Telegram-арна пайда болды: редакцияның ресми мәлімдемесі

Nege

«Мен оларды танымаймын»: Петропавлдық блогер аза тұту күнінде билегені үшін қамауға алынды

Петропавл тұрғыны

Ресей Қазақстанға 1 млн рубльден артық қолма-қол ақша шығаруға тыйым салды

Рубль

Қазақстандық хирургтар алғаш рет роботтың көмегімен асқазанға күрделі операция жасады

Робот көмегімен ота жасау сәті