USD
USD
USD

Әлеуметтік желілерде референдум жөнінде анонимді түрде үгіт-насихат жүргізуге тыйым салынады

Әлеуметтік желілерде немесе мессенджерлерде фейк немесе анонимді аккаунттардан үгіт жүргізуге тыйым салынады, деп мәлімдеді АҚДМ Ақпарат комитетінің төрағасы Қанат Ысқақов.

Әлеуметтік желілерде референдум жөнінде анонимді түрде үгіт-насихат жүргізуге тыйым салынады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Үгіт-насихат жасаудың басты қағидаларының бірі – анонимді болмау, яғни оның авторы болуы керек. Әлеуметтік желі, онлайн-платформа, мессенджерлер – мұның барлығы бұқаралық ақпарат құралдары. Сәйкесінше, осы платформаларда үгіт-насихат жүргізу үгіт-насихат болып есептеледі және оған да заң талаптары таратылады. Анонимді материалдарды жариялауға тыйым салынады», - деді журналистердің сұрақтарына жауап берген Қанат Ысқақов.
Бас прокурордың орынбасары Болат Дембаев аноним үгіт материалдарын таратқаны үшін ӘҚБтК 113-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілік қарастырылғанын (25 АЕК мөлшерінде айыппұл) еске салды.
«Республиканың конституциялық құрылысын күштеп өзгертуге, оның тұтастығын бұзуға, мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіруге, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, тектік-топтық және шежірелік астамшылыққа, сондай-ақ қатыгездік пен зорлық-зомбылыққа үгіттеуге жол берілмейді. Мұндай әрекеттер ҚР Қылмыстық кодексінің баптары бойынша әлеуметтік және ұлттық алауыздықты қоздырғаны үшін, сондай-ақ билікті күшпен басып алуға немесе билікті күшпен ұстап тұруға үгіттегені және жария түрде шақырғаны үшін қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғады», - деп атап өтті Дембаев.

Қазір оқып жатыр

Автогазға кезек: министрлік Маңғыстау мен Атыраудағы жағдайды түсіндірді

.

Астанада вокзалдағы асхананың төбесі опырылып түсті

асхана

Алматыда полицей әкесінің өліміне байланысты күдікке ілінген екі жасөспірім үйқамаққа жіберілді

судья

Сербия президенті Александр Вучич отставкаға кететінін мәлімдеді

Александр Вучич