USD
USD
USD

Әлеуметтік желіде танысқан жігіт елордалық қыздың үйіне ұрлыққа түсті

Әлеуметтік желіде танысқан жігіт елордалық қыздың үйіне ұрлыққа түсті, деп хабарлайды Polisia.kz.

Әлеуметтік желіде танысқан жігіт елордалық қыздың үйіне ұрлыққа түсті
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Елорда тұрғыны пәтерінен алтын бұйымдарын ұрлап кеткені туралы полицияға арызбен жүгінді. Байқоңыр ауданы ПБ криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде 18 жастағы күдіктіні ұстады. Тергеу барысында оның әлеуметтік желі арқылы қызбен танысқаны анықталды.

Қысқа хат алмасудан кейін олар қыздың пәтерінде танысуды жалғастырған. Үй иесінің басқа жаққа алданып тұрғанын пайдаланып, жас жігіт пәтердің кілттерін ұрлап алған. Бірнеше күннен кейін үйде ешкім жоқ екеніне көз жеткізіп, пәтердің есігін ашып кіріп, алтын сақинаны ұрлаған. Келтірілген шығын сомасы 2 млн теңгені құрады. Аталған фактіге қатысты ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Жас жігіт мойындау көрсетпелерін берді, заттай дәлелдемелер тәркіленді. Оның елорда аумағында бұрын жасалған осыған ұқсас қылмысқа қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.

Қазір оқып жатыр

Alatau City жобасына Еуропа елдерінен инвесторлар тартылмақ

Делегация Алатау сити

Болат Өтемұратов OLX Қазақстанды 81 миллион долларға сатып алды

Болат Өтемұратов

Ташкентке жарысқа барып, ауруханаға түскен жас футболшылар елге оралды

Ташкентте емделген футболшылар мен дәрігерлер, елшілік өкілдері

Павлодар колониясында 12 жылға сотталған жігіт өлі күйінде табылды

рақымшылық