USD
USD
USD

Әлеуметтік желіде біреуді қорлаған ер адамға үкім шықты

Петропавл қалалық соты әлеуметтік желіде өзгені кемсітіп, қорлаған ер адамға үкім шығарды.

Әлеуметтік желіде біреуді қорлаған ер адамға үкім шықты
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Петропавл қалалық сотының мәліметінше, 28 мамыр күні Қуатбек Иманбеков Алматы қаласында отырып, ар-ожданға нұқсан келтіру мақсатында «Facebook» әлеуметтік желісінде С. деген азаматқа қатысты әдепсіз жазба қалдырып, қорлаған. Қуатбек Иманбековке қатысты қылмыстық іс сотта қаралды. Сотталушы өз кінәсін мойындады. Айтуынша, бұл әрекетке баруына С. итермелеген. Өйткені қылмыс жасағандарды жауапкершіліктен босатқан. Қ. Иманбеков өз жазбасы арқылы оның абыройын төккені үшін кешірім сұрады. Петропавл қалалық соты 4 қараша күні Қ.Иманбековті кінәлі деп тапты. Сот үкімі бойынша енді 100 АЕК мөлшерінде – 277 800 теңге айыппұл төлейді. Сондай-ақ Иманбеков тұрғылықты жері бойынша мәжбүрлі түрде психиатрға тексеріліп, амбулаторлық емдеуден өтеді.

Қазір оқып жатыр

Олжас Бектенов Алматы тау кластері мен Almaty Superski жобаларын жүзеге асыру қарқынын жеделдетуді тапсырды

.

Жамбыл облысында жасөспірімдерді өз-өзіне қол жұмсауға итермелеген не жағдай?

.

Қызылордада «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында кезекті ауқымды шара өтті

таза

«Әлеуметтік желі арқылы нұсқау берілген»: Алматыда оқушы қыз мектепке балта алып барған

балта