25 Желтоқсан 16:46
...

Әлеуметтік туризм: Зейнеткерлерге тегін саяхат ұйымдастырылады

Фото:

Қарттар, аз қамтылған отбасылар, мүгедектер, балалар мен жастар - Қазақстан халқының 40 пайызына тең.

Олардың барлығы табиғат аясында серуендеуге құқылы, бірақ бәрінің бірдей мүмкіндігі жоқ.

- Әлеуметтік дегеніміз «қоғамға ортақ» деген сөз, - дейді Тұран университетіндегі Туризм ғылыми-зерттеу институтының директоры, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, спорттық туризм бойынша халықаралық дәрежедегі спорт шебері Владимир Вуколов. - Оны мемлекет немесе әртүрлі ұйымдар қаржыландыруы керек. Мәселен, КСРО-ның әлеуметтік туризмді жүргізу тәжірибесін еске түсірейік. Сауықтыру мекемелеріне, Пионер, спорт лагерьлеріне және туристік базаларға жолдамаларды кәсіподақтар субсидиялады. Ал әлеуметтік топ толық шығынның отыз пайызын ғана төледі. Туризмнің барлық түрлерін салыстыратын болсақ, онда негізгі әлеуметтік аспектілер спорттық туризмде іске асырылатынын байқаймыз. Өйткені әлеуметтік туризмнің негізгі функцияларына  - танымдық пен сауықтыру жатады. Адам табиғат аясында денсаулығын ғана түзеп қоймайды, сонымен қатар саяхат барысында үйренері көп.

Бірнеше жыл бұрын өскелең ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеу мақсатында «Менің Отаным – Қазақстан» экспедициясын ұйымдастыру туралы Үкімет Қаулысы шықты. Патриотизм – ол туған жерге деген шексіз маххаббат. Ал өзің танымайтын, білмейтінді сүюге бола ма? Өкініштісі, балалардың көпшілігі Медеуге бармай-ақ Туризм факультетіне оқуға түседі.

Демек, жиі саяхаттап, туған өлкеңнің тау-тасымен танысу керек, - деп есептейді Вуколов.

- Туризм басқармасы қатысушылар мен нұсқаушыларды көлікпен және тамақпен қамтамасыз етсе, жататын орындарын ұйымдастырса, мұндай науқанға қатысқысы келетіндер көбейеді. Қаражаттың бір бөлігі сауықтыруға және білім алуға бөлінген кезде әлеуметтік болып саналады.

Алматының айналасында демалуға және сауығуға қолайлы демалыс аумақтары өте көп. Тауда адамдар күш жинайды, таза ауамен тыныс алады, өзендер мен сарқырамалардың сыңғырымен дем алады.

«Туранга-групп» компаниясы Үлкен Алматы шатқалында зейнеткерлерге тегін экскурсиялар ұйымдастырады: Жапон жолымен, Жас қайын соқпағымен және Аю сай сарқырамасымен жүріп өтеді. Туризм және альпинизмнің ардагерлері, фотографтар және басқа да белсенді азаматтар серуендеп, буындарға арналған жаттығулар жасайды, скандинавиялық жүріспен айналысады. Бұлардың барлығы 60-тан асқандар үшін өте пайдалы. Олар өздерінің әуесқой клубын «Бодрячок» деп атады.

Тегтер: