USD
USD
USD

Әлеуметтік төлем төмендетілді ме?

  ҚР Еңбек министрлігінде көпбалалы аналар жаңа төлем енгізілгеннен кейін әлеуметтік төлемнің күрт төмендетілгені туралы айтты.

Әлеуметтік төлем төмендетілді ме?
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Басқа әйелдермен бірге Ақорда мен үкіметке талабымен келген алты баланың анасы Асыл Ошақбаева ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің фойесінде Қазақстан билігі атаулы әлеуметтік көмек төлемінің форматын жаңартқалы бері әлеуметтік төлемнің айтарлықтай төмендеп кеткенін жеткізді, деп хабарлады агенттік тілшісі.

«Бұрын мен Т146 мың алатынмын, ал қазір Т30 мыңға аз аламын, сөйтсем менің мемлекеттен әр балаға алатын Т64 мыңымды кіріс ретінде есептеген», - деді Ошақбаева дүйсенбіде.

Тағы бір әйел әлеуметтік төлемді заң нормаларына сәйкес шенеуніктердің көтере алмаймыз дегенін айтты.

«Олар айтады: «Заң солай, біз заңға қайшы ештеме жасай алмаймыз!». Көріп отырсыздар ғой, заң қарапайым халықтың мүддесін ойламайды! Неге заңды өзгертпейсіздер, негі оны әділ қылмайсыздар?! Тұрғын үйге кезекке тұру үшін отбасыңның барлық мүшелері үш жыл тіркелген болуы керек. Ал мені кім балаларыммен бірге үйіне тіркеуге тұрғызады? Мені үйлеріне тіркеуге тұрғызбақ түгілі, маған балаларымның барын білгенде пәтерлерін де жалға бермейді», – деді дүйсенбіде әйелдердің бірі.

Тұрғын үй кезегіне тұрғызу мәселесі билікке талаптарымен келгендердің басты сұрағы болды.

«Менің төрт балам бар. Тұрғын үй кезегіне қою үшін мені ХҚКО-тары арасында ары-бері сандалтып қойды, база жұмыс жасамайды дейді. Екі ай болды солай жүргеніме. Құжаттарды 2019 жылы жинадым, енді 2020 жыл болды және маған: «Сіздің құжаттарыңыз ескіріп қалған, 2020 жылға арналған анықтамалар пакеті керек» дейді, сөйтіп қайтадан басталды», – дейді Ақордаға келген Аякөз Оразбекқызы.

Қазір оқып жатыр

Харри Кейн алғаш рет «Алтын доп» иегері атанды

Харри Кейн

Алатау қаласында алғашқы зәулім ғимараттың құрылысы басталды

Алатау қаласы

Түркияда қазақстандық әйел алтыншы қабаттан құлап көз жұмды

DHA

Уразбахтин «Қайрат» клубының бас бапкерлігінен кетті

Футбольный клуб «Кайрат»