USD
USD
USD

Әлеуметтік нысандар енді бюджеттік жоспарлаудың оңайлатылған үлгісі бойынша салынады

Әлеуметтік нысандарды салу үлгісі өзгерді. 

Әлеуметтік нысандар енді бюджеттік жоспарлаудың оңайлатылған үлгісі бойынша салынады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бюджеттік жоспарлаудың жаңа оңайлатылған моделі бойынша әлеуметтік маңызы бар объектілер салынатын болады.

Аталмыш мәселе «Ашық сағат алаңы» жобасы аясында ҚР ИИДМ Құрылыс істері және ТКШ комитетінде бизнес қауымдастық, қоғамдастық, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдар өкілдерінің қатысуымен онлайн форматта кездесуде талқыланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Индустрия жәнеинфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кездесу барысында жиынға қатысушылар Солтүстік Қазақстан және Жамбыл облыстарында, сондай-ақ Астана қаласында әлеуметтік нысандар құрылысының пилоттық жобаларын іске асыру мәселелерін талқылаған.

Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының бас сарапшысы Серік Нәбиевтің айтуынша, Мемлекет басшысы жүктеген негізгі тапсырмалардың бірі бюджеттік жоспарлаудың жаңа оңайлатылған моделі бойынша 3 өңірде 7 әлеуметтік маңызы бар нысан салу болып табылады.

Атап айтқанда, объектілерді қаржыландыру мен жобалауға байланысты көрсеткіштер қысқарады.

Қазір оқып жатыр

«Ақ жол» Respublica-ға: Біз беделді сөзбен емес, іспен жинадық

.

Елордадағы Бас мешіт енді «Нұрсұлтан мешіті» деп аталады

.

Ақтөбеде белгілі тұлғаларға тиесілі бірегей домбыралар таныстырылды

.

Олжас Құспеков кейбір экс-депутаттарды «декоративті пониге» теңеді

Олжас Құспеков