22 Сәуір 17:06

Әлеуметтік медициналық сақтандыру: Халық тиісті көмек алып жатыр ма?

Фото:

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Медициналық көмектің сапасын бағалау департаментінің директоры Ләззат Шоманова Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Nege.kz порталының сұрақтарына жауап берді. 

Әлеуметтік сақтандыру қорына ай сайын жалақысынан ақша салып отырғандардың арасында тиісті көмектерді ала алмай жүргендер бар. Халық мұның нақты себебін білмей әлек. Осындай да халықтың тірнектеп жиған ақшасы жемқорлардың қалтасын қампитып жатқан жоқ па деген ой келеді.

Ляззат Шоманов бұл ойды теріске шығарды. 

«Бұл жемқорлық емес. Қорға жиналған қаражаттың барлығы Ұлттық банктің есеп шотында орналасқан. Көрсетілетін көмекке ақша сол есеп шоттан өтеліп отырады. Төлемдердің барлығы ақпараттық жүйе арқылы жасалады. Ол жерде ашықтық сақталған. Ешқандай да жемқорлық емес. Бірақ, медицина жүйесін ұйымдастыруда кадрлардың, функционалды аппараттардың жетіспеуі кездесіп жатады. Олардың барлығы уақыт өте келе жөнделеді, мамандар толықтырылады. Сол кезде ғана барлық қызметтер қолжетімді болады. Сақтандыру жүйесі енгізілгеннен кейін консультативті-диагностикалық көмек 5 есе өсті, жоғары санатты көмек 2 есе өсті, жасанды ұрықтандыру 7 есе өсті. Сонымен қатар, жетістіктері де жоқ емес. Көмек көрсету ауқымы әрі қарай да кеңейтіле береді. Медициналық көмек көрсету жыл сайын өсіп келеді. Жаңа көмек түрлері енеді», - деп сендірді департамент директоры. 

Тегтер: