Әлеуметтік медиада жалған ақпаратқа тосқауыл жоқ

Әлеуметтік медиа жалған ақпараттың және үгіт-насихаттың бұрынғыдан да жылдам, оңай және кеңірек таралуы үшін жаңа мүмкіндіктер ашып берді. Соңғы екі жылда әлеуметтік желілерде манипуляциялау науқандарын қолданатын елдердің саны 150%-ға өскен. Бұл науқандардың мақсаты қандай, олар қалай жүзеге асырылуда?
Жалған ақпараттың көкесі әлеуметтік желіде. Бір күннің өзінде рас-өтірігі бар қаншама ақпарат таратылып жатыр. Сол себепті қазіргі адамдар оны дереккөз деп санауға көшкен. Әлеуметтік желілер ұйымдарға біз туралы ақпараттың үлкен көлемін жинауға және пайдалануға мүмкіндік беретінін өзіңіз де байқаған боларсыз? Бұл сізге қажетті хабарларды бейімдеуді және жаңалықтарды тартымды етуді жеңілдетеді. Ол көзқарасы екіұшты адамдарға бағытталған. Белгілі бір мәселе бойынша нақты пікірі жоқ адамды басқару әлдеқайда оңай.
Бұл қалай жүзеге асады?
1. Боттарды пайдаланады.
2. Жалған ақпаратты тарату үшін әртүрлі БАҚ түрлерін пайдаланады.. Мемдер, видеолар, жалған веб-сайттар, әлеуметтік желілердегі жазбалар, пікірлер жалған жаңалықтар мен үгіт ретінде пайдаланылуы мүмкін.
3. Ең көп қолданыстағы платформаларды таңдайды. Instagram, Whatsapp және Youtube жалған ақпарат тарату үшін қолайлы. Киберқауіпсіздік бойынша сарапшылар сол себепті барынша сақ болуға шақырады.
Әлеуметтік желілер жалған ақпараттың таралуын тоқтату үшін қандай шаралар қолданылып жатыр?
Әлеуметтік медиа платформалары жаңалықтарды өздері жарияламайды. Сондықтан олардың алаңында жарияланған ақпараттың мазмұнына жауапты емес екені түсінікті. Жауапты болмаса, өздері жарияламаса қалай күреседі? Олар жалған жаңалықтар мен аккаунттарды анықтау үшін әртүрлі технологияларды пайдаланады.Дегенмен, бұл әдістерді сенімді деп айту қиын. Алгоритмдер жалған жаңалықтарды 100% анықтай алмайды.
Дезинформацияны қалай тануға болады?
1. Араға от салып, араңдату үшін жазылған жазбалар (пост). Ол адамдар арасынды қызу талқыланып, ашу-ыза туындатып жатады. Оның негізгі мақсаты сол.
2. Суреттер өңделуі немесе түпнұсқадан өзгеше болуы мүмкін.
3. Сенімді болу үшін дереккөзге сілтеме салады. Жалған URL мекенжайларын пайдалану қиын емес.
Егер сіз жалған ақпараттарға немесе фейк аккаунтқа тап болдым деп ойласаңыз, бұл туралы міндетті түрде хабарлаңыз. Көптеген әлеуметтік медиа арналарында мұндай ақпараттарға шағым түсіруге болатын тетіктер бар.