Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік қымбаттады

Қарағанды облысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының 5 түрі қымбаттады. Бұл - негізінен өңірде өндірілмейтін өнімдер.

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік қымбаттады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Мәселен, өткен жылмен салыстырғанда қарақұмық 300-ден 405 теңгеге дейін, қант 158-ден 284 теңгеге дейін, ал сұйық майдың литрі екі есе, яғни 325-тен 700 теңгеге дейін қымбаттады. Бағаға негізінен пандемия және әлемдік нарықтағы қымбатшылық әсер етеді, дейді мамандар. Дегенмен, облыстың тұрақтандыру қорында 313 тонна әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары сақталуда.

Алдағы күндері тағы 272 тонна қант сатып алынады. Бұл өнімдер бағаны тұрақтандыру мақсатында халық көп шоғырланған қалаларға, облыс аудандарының дүкендеріне жеткізіледі. Өңірде картоп пен сәбіз де қымбаттады. Е

гер картоптың құны 400 теңгеден асатын болса, қазір оның бағасы 190 теңгеге дейін төмендеді, өйткені оны елдің оңтүстік өңірлерінен жеткізе бастады. Сәбіз бағасы 500 теңгеден астам болатын. Алайда бүгінгі күні құны 320 теңгеге дейін төмендеді.

Қазір оқып жатыр

Құрылтай сайлауында Корея мен Жапониядағы қазақстандықтар алғашқы болып дауыс берді

Құрылтай сайлауы

Қазақстанда 1,8 млн бала мен жасөспірім тұрақты түрде спортпен айналысады

ойын

Жақсылық Сәбитов: Қазіргі тарих оқулықтарында сторителлинг жоқ

Жақсылық Сәбитов

Қазақстанда жаңартылатын энергияның үлесі алты жылда төрт есе өсті

.