USD
USD
USD

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы 11,4 пайызға қымбаттады

2022 жылдың қаңтары мен наурызы аралығында елімізде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы 11,4 пайызға қымбаттады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы 11,4 пайызға қымбаттады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. ҚР Ұлттық статистика бюросы ұсынған деректерге сәйкес, өткен аптаның ішінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы – 1,3, ал айдың басынан бері – 9,1, жыл басынан бері 11,4 пайызға қымбаттаған. Жылдық мәнде 19 тауар атауын қамтитын азық-түлік бағасы 18,6 пайызға көтерілген.

Бұл 2021 жылдың дәл осындай кезеңіндегі көрсеткіштен 8,1 пайызға жоғары. Сонымен бюроның статистикалық мәліметтеріне қарағанда, елімізде келесі азық-түліктердің орташа бағасы мынадай: бір келі ұн - 193, нан – 171, күріш – 265, қарақұмық – 458, күнбағыс майы – 788, сиыр еті – 2131, тауық еті – 1033, қант – 397, он дана жұмыртқа– 391 теңге.

Қазір оқып жатыр

Екі экс-министрдің арызынан кейін Гүлнар Бажкеноваға айыппұл салынды

Гульнара Бажкенова

«Әділет» партиясы Қазақстанның барлық өңіріндегі филиал басшыларын жасақтады

"Әділет" партиясы

Атырау облысында жеті әкім қоқыс үйіндісі үшін жауапқа тартылды

әкімшілік жаза

Түркістанда жол апатынан полиция капитаны көз жұмды

Бауыржан Қонысбеков