USD
USD
USD

Әлеуметтік қызметкерлердің жалақысы өседі

Қазақстанда әлеуметтік қызметкерлердің жалақысы өседі.

Әлеуметтік қызметкерлердің жалақысы өседі
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Министрлік мәліметінше, елімізде 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап мемлекеттік ұйымдардың 38,5 мыңнан аса әлеуметтік қызметкерінің жалақысы өседі. Ол үшін республикалық бюджеттен алдағы үш жылға шамамен 95 миллиард теңге бөлінеді.

Жалақыны көтеру өз қызметін стационарлық (қарттар мен мүгедектерге арналған үйлер) және жартылай стационарлық үлгідегі медициналық-әлеуметтік мекемелерде (күндіз болу бөлімшелері, оңалту орталықтары), уақытша болу мекемелерінде (белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдарға, тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арналған оңалту орталықтары) жүзеге асыратын негізгі персонал (әлеуметтік қызметкерлер) мен басшы құрамға, сондай-ақ үйде қызмет көрсететін әлеуметтік қызметкерлерге қатысты болады.

"Осылайша 2021 жылғы 1 қаңтарынан бастап лауазымдық жалақыны ұлғайту жолымен әлеуметтік қызметкерлер үшін жалақы 1,5 есеге, 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап ағымдағы мәннен 1,75 есеге, ал 2023 жылы 2 есеге өседі", - делінген хабарламада. 

Қазір оқып жатыр

Абай облысындағы шахтада жұмысшы қаза тапты

ТЖ

Израиль президенті Астанаға келді

ақорда

Мәсімовтің іздеуде жүрген бұрынғы күйеу баласы Бішкектен табылды

Азамат Қапенов

Ерлі-зайыпты Жанабыловтар сотталды

жанабылов