USD
USD
USD

Әлеуметтік кәсіпкерлік тақырыбында форум өтті

Таразда Қазақстан Республикасының Еңбек жəне халықты əлеуметтік қорғау минстрлігінің ұйымдастыруымен «Əлеуметтік кəсіпкерлік: қоғам мен бизнес үшін жаңа мүмкіндіктер» тақырыбында халықаралық форумы өтті.

Әлеуметтік кәсіпкерлік тақырыбында форум өтті
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Форумға онлайн режімінде АҚШ, Ресей, Индия, Израил жəне ТМД елдерінің өкілдерімен қатар өңір кəсіпкерлері қатысты. Аталған кешеннің көрме залына түрлі бағдарламалар мен жобаларға қатысып, өз жеке кәсібін ашқан кəсіпкерлердің өндірген өнімі мен қолынан шыққан дүниелері көрмеге қойылыпты.

Форумның ашылуы алдында облыс әкімі Бердібек Сапарбаев өңірімізде әлеуметтік кәсіпкерлікті дамытуға үлес қосып отырған көпбалалы аналар мен мүмкіндігі шектеулі азаматтардың көрмеге қойылған кондитерлік, сүт, қолөнер мен жиһаз, аяқ киім, қуыршақтар мен қыз жасаулары бұйымдарымен танысты.

Әсіресе, өнертапқыш, екінші топтағы мүмкіндігі шектеулі азамат Рауан Рауылбековтың өз бетінше жүріп-тұру мүмкіндігінен айырылған азаматтарға арналған «Метрон» механикалық қозғалтқышы қонақтарды таң-тамаша қалдырды. Рауан бұл құралды жасап шығу үшін 3 миллион теңге несие алып, жұмысын бастап кетіпті. Қазір оның тірек-қимыл жүйесі бұзылған азаматтарға жасап жатқан мұндай аппараты 200 мың теңгеден өткерілуде. Ол мүмкіндігінің шектеулі екеніне қарамастан төрт адамды жұмыспен қамтып, бұдан бөлек тапсырыспен басқа да бұйымдар жасап жатқанын жеткізді. Бұдан бөлек, түрлі жиһаздар мен кәдесыйлар, қуыршақтар, былғары аяқ киімдер мен қыз жасауын тігіп, оны кәсіп көзіне айналдырған әлеуметтік топтағы кәсіпкерлердің барлығының жұмысымен жеке танысып шыққан облыс әкімі олардың әрбірінің бастаған жұмысына сәттілік тіледі. Халықаралық форумды облыс əкімі Бердібек Сапарбаев ашып берді.

- Бүгінгі форумға Ресейден, Түркиядан, ТМД елдерінен қонақтар келіп, қатысып отыр. Бұл форумды өткізудегі басты мақсатымыз өңіріміздегі әлеуметтік кəсіпкерлікті дамыту. Мемлекет тарапынан мүмкіндігі шектеулі азаматтардың өз кəсібін ашып, қоғамға тартылуына жәрдемдесу. Олардың мəселесін форумда талқылап, шет елдік әріптестеріміздің тәжірибесіне сүйене отырып бірлесе шешуге тырысамыз. Сөйтіп өзге мемлекеттердің озық тəжірбиелерін өңірімізде қолдануға жол ашатын боламыз, - деді аймақ басшысы.

Келесі кезекте онлайн режимде қосылған Қазақстан Республикасының Еңбек жəне халықты əлеуметтік қорғау министрі Серік Шапкенов халықаралық форумның маңыздылығына тоқталды.

- Бұл форумның басты мақсаты – әлеуметтік топқа жататын және мүмкіндігі шектеулі азаматтардың мəселесін шешу. Оларды қоғамдық ортаға, кəсіпке бет бұруға тарта отырып, қоғамнан не аламын деп емес, қоғамға мен не бере аламын деген қағидамен олардың өмірге деген құлшынысын арттыру. Осы форумнан кейін біздің ортамызда өзін көрсете алмай отырған мүмкіндігі шектеулі азаматтар əлеуметтік кəсіпкерлікті дамыту жобасы аясында өзін көрсетуге, кəсібін ашуға мүмкіндік алады деген сенімдемін, - деді министр.

Қазір оқып жатыр

Атырау облысындағы отбасы өлімі: тергеу аяқталды

күдікті

Перуашевтің орынбасары мен генерал-майор Воронкинге үкім шықты

.

ШҚО-дағы Артемьев шахтасында жұмысшы қаза тапты

.

Ақтөбеде Жеңіс күніне арналған еске алу шаралары өтті

.