USD
USD
USD

Әлемнің ең қымбат футбол клубтары белгілі болды

Forbes журналы әлемнің ең қымбат футбол клубтарының тізімін жариялады. 

қымбат футбол клубы
Фото: sportnumber.ru

 Алматы, NEGE. Сарапшылар команданың инфрақұрылымы, құрамы мен спорт саласындағы коммерциялық жағдайын бағалап, осындай шешімге келген, деп хабарлайды Kazinform.

Көш басында Испанияның «Реал» (Мадрид) клубы тұр. Сарапшылардың пікірінше, оның құны - 5 млрд 490 млн еуро.

Екінші орында тұрған Англияның «Манчестер Юнайтед» клубы 5 млрд 427 млн еуроға бағаланған.

Үздік үштікті 4 млрд 984 млн еуромен Испанияның «Барселонасы» түйіндеп тұр.

Алғашқы ондықтағы командалардың басым бөлігі Англия премьер-лигасында ойын көрсетеді. Ал А сериясынан бір де бір клуб аталған рейтингке кірген жоқ.

Forbes нұсқасы бойынша әлемнің ең қымбат командаларының ТОП-10 тізімі:

«Реал» – € 5,5 млрд
«Манчестер Юнайтед» – € 5,4 млрд
«Барселона» – € 4,9 млрд
«Ливерпуль» – € 4,7 млрд
«Манчестер Сити» – € 4,5 млрд
«Бавария» – € 4,3 млрд
«ПСЖ» – € 3,8 млрд
«Челси» – € 2,8 млрд
«Тоттенхэм» – € 2,5 млрд
«Арсенал» – € 2,4 млрд.

Еске салсақ, бұдан бұрын Аргентина құрамасында оныншы нөмірлі жейде Мессиден кейін ешкімге берілмейтіні хабарланды.

Қазір оқып жатыр

Байқоңырдан «Союз-5/Сұңқар» зымыран-тасығышы алғаш рет ұшырылды

.

«Ареке, дос болайық»: Журналист Арай Есенбектің ісі бойынша тың мәлімет шықты

Арай Есенбек

Айдын Рахымбаев математика пәнінің мұғаліміне BI-дың акциясын сыйлады

.

«Әділет» партиясының қатарына онлайн түрде қосылуға болады

әділет партия