USD
USD
USD

Әлемнің екінші ұстазы

Ғұлама ойшыл Әбу Насыр Әл-Фарабидің 1150 жылдығына орай Мәдениет және спорт министрлігі «Ұстаздың оралуы» деректі фильмін түсіріп, еліміздің барлық музейі мен кітапханасында тақырыптық көрме өткізуді жоспарлап отыр.

Әлемнің екінші ұстазы
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Мерейтойы аясында ұлы ойшылдың еңбектерін аудару, Әл-Фараби энциклопедиясын шығару, деректі фильмдер мен  кино түсіру сынды іс-шаралар қолға алынды.

«Күні кеше Алматы қаласында «Әлемнің екінші ұстазы» Әбу Насыр әл-Фараби бабамыздың 1150 жылдық мерейтойын бастаудың рәсімі халықаралық деңгейде өтті. Қазақ ұлттық университетінде «Әбу Насыр әл-Фараби атындағы орталық» ашылды. Бұл ретте биылғы жылы атап өтетін маңызды іс-шаралар барысында ысырапшылдық пен науқаншылдыққа жол берілмейтіндігіне баса назар аударғым келеді», - деді Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова министрліктің кеңейтілген алқа отырысында.

Сонымен қатар министр «Әл-Фараби жолымен» халықаралық экспедициясын ұйымдастыру, Сириядағы Дамаск қаласында орналасқан «Әл-Фараби» кесенесінің макеттік көшірмесін Түркістан облысындағы Отырар музей-қорығының аумағында орнату мәселесі қосымша пысықталып жатқанын айтып өтті. Бұдан бөлек ғалым туған Оқсыз қалашығының археологиялық және ғылыми зерттеу жоспарланып отыр.

Айта кетейік, бұл мерейтой ЮНЕСКО-ның қамқорлығымен жыл бойы халықаралық ауқымда аталып өтілетін болады. Әлемнің бірнеше елдерінде, Қазақстаннан өзге Париж, Италия, Иордания, Түркия, Қытай, Сирия сынды елдерде ғылыми-конференциялар өтеді.

Қазір оқып жатыр

Қазақстан журналистері Президентке үндеу жасады

журналистика

Таяу Шығыстағы соғыс: Тоқаев келіссөздерді Түркістанда өткізуді ұсынды

.

«Бірінші кредиттік бюро» басшылығына қатысты тергеу аяқталды

.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне зиярат етті

.